Тыңдайтын құлақ болса...

Жаңалықтар
27.02.2018, 11:47
Оқуға 2 мин
Темір жолдың қауіпті аймақ екенін ұмытып, жолдың өтуге рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтетін жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі үшін Маңғыстау станциясы кезекті рейд  өткізді. Түбек темір жолының қақпасы Маңғыстау станциясының жолдарында қауіпсіздік аншлагтары мен жолдан өту белгілері толықтай бар. Атап айтқанда, «Қызмет жолы», «Сақ болыңыз!», «Өміріңізге қауіпті!», «Теміржолды белгіленген арнайы өткелден  өтіңіз!», «Берегись поезда», вагондар өтетін жерде «Начало пропуска», «Конец пропуска», габаритті емес орындарда «Негабаритное место», «Теміржол – аса қауіпті аймақ» деген секілді ескертпелер ілінген. Оған қосымша тақ және жұп алқымда «Өмірге қауіпті!», «Теміржолдың үстімен жүрмеңіз!», «Абайлаңыз, жолымды қысқартамын деп жүріп, өміріңізді қысқартып алмаңыз!», «Темір жолмен жүру қауіпті», «Поездан сақтан!» деген жазулары бар плакаттар да ілінген. Алайда осыншама ескертулерге қарамастан жолдың арғы бетіндегі ауылдар тұрғындары бәрібір жолдан өту ережесін сақтамай отыр. Маңғыстау станциясы еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері Айгүл Аяпованың айтуынша, станцияның бас инженері Б.Исатаев, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманның міндетін атқарушы А.Шарапатдинов басы-қасында жүріп,  сонымен қатар желілік тәртіп сақшылары, әскерилендірілген күзет қызметі, вагон, жол шаруашылығы өкілдері қатысқан осы рейд барысында жолдан өту ережесін бұзған 7 адам тіркелген. Рейдке атсалысқан теміржолшылар ереже бұзғандармен  жеке-жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға екінші рет заң бұзған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 559-бабына сәйкес жаза қолданылып, айыппұл салынатыны қатаң ескертілді.   Рейд барысында, сондай-ақ, теміржол бойында жатқан Дәулет, Қызылтөбе ауылдарының үлкен-кіші тұрғынымен де түсіндіру жұмысы жүргізіліп,  жол бойында абай болуы керектігі туралы жаднама-буклеттер таратты.

Райхан РАХМЕТОВА

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды