Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясынан бір кездері еншісін алып шыққан «Транстелеком» АҚ филиалының қызметкерлері бассейнге баратын болды.  Мекемеге қарасты 300-ден астам қызметкердің бүгінгі таңда әрбір оныншысы жұмыстан кейін бассейнге барып, сергіп қайтуды сәнге айналдыра бастаған. Олардың қатарында кеңседе отыратын қызметкерлер де, Байланыс үйінде техникалық жұмыс атқаратын жұмысшылар да бар.  «Ақтөбедегі мұнай және газ колледжінің бассейнімен келісімшарт жасастық. Аптасына кесте бойынша бірнеше күн бізге бассейннің есігі ашық.  Кәсіподақ комитеті жұмысшыларға осылайша әлеуметтік тұрғыда бір игі іс жасап беріп отыр» дейді «Транстелеком» АҚ АФ кадрлар бөлімінің меңгерушісі Мариса Төлеубаева.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе