Манкентте тасымал артқан
Шымкент жол бөлімшесіне қарасты жолаушылар және жүк тасымалына қызмет ететін бекеттің бірі – Манкент. Екінші класты станциялар қатарына енген жылдан аса уақыт ішінде бекетте тасымал арта түскен.
Станция бастығының орынбасары Асхат Ақбердінің айтуынша, мәртебесі жоғарылағалы станцияда маман саны да толыққан.
–Бүгінде бес станция кезекшісі, бес пойыз құрастырушы, жеті жүк қабылдап-жөнелтуші, екі тауар кассирі және жұмысшылар бар. Өткен жылы осы 23 маманның қажырлы еңбегінің арқасында 1401 вагонға жүк тиеліп, 7732 вагоннан жүк түсірілді. Бұл төңіректе бекеттің жүк айналымын дөңгелетіп отырған ұн артатын «Асыл LTD» наубайханасы орналасқан. Өткен жыл ішінде осы жерден ай сайын 100 вагонға ұн тиеліп Өзбек ағайындарға жіберіліп тұрды. Бір жылдан бері «STRATUS-Oil» ЖШС айына 5000 тонна, яғни 80 вагон мұнай өнімдерін Қырғыз еліне жөнелтуде. Аталған компания мұнай құятын 24 құрылғысы арқылы 12 вагонға жанармай артса, кейінгі 12 вагонға мазут құяды, – дейді Асхат Ақберді.
Бүгінде бекеттегі 28 кірме жолдың бесеуі уақытша бос тұрғанымен, қалғанында үздіксіз жүк тиеліп-түсіру операциялары жүргізілуде. «STRATUS-Oil» ЖШС жүк жөнелтушілердің қатарына енгелі бері жүк айналымы ұлғайған. Байқағанымыздай, манкенттіктер жүк тиеуден бұрын көбірек түсіреді екен. Оның ішінде жиі келетіні – малға беретін кебек жем. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары негізінен қала халқын етпен қамтитындықтан, уақ малды көп асырайды. Кебекке де тапсырыс беретін осы малшы қауым. Биылғы жылдың үш айында 414 вагонға жүк тиелсе, 2069 вагоннан жүк түсірілген, соның 250 вагоны мал азығы. Одан бөлек қаладағы бірқатар жанармай құю бекеттерін толықтырып отыратын «Helios», «Олимп» ЖШС-де Манкентте орналасқан. Бұларға орманды өлкеден Аи-80, Аи-92 жанармай келіп, бекетке түсіріледі. Суармалы өңір болса да, бақша дақылдары өзге аймақтарға жөнелтілмейді. Тек жаздағы науқан кезінде қызанақ пен қияр, аракідік тәтті шырындар, консерві тағамдары жіберілетін көрінеді.
Бекет көрсеткішінің көңілдегідей болуына қашанда қарапайым теміржолшылар үлес қосады. Манкентте жастығын өткізгендердің арасында Ермек Қоңқабаев, Жарылқап Бектұрғанов, Дэкова Светланалардың ізін кейінгі буында Нигара Рүстемқызы, Дәурен Раушанбекұлы, Төреғали Бейсенбаевтар басып келеді.
Дүйсенбіде әдеттегідей станция бастығы Әлимахан Исаханов осындағы айналым жол шебері Нұржан Әбдірайымов, байланыс торабына жауапты Камал Ахматқұлов, аға вагон қараушы Нұржан Байділдаев сынды әріптестерімен бас қосып, өткен аптадағы атқарылған жұмыстар легін қорытындылап, алдағы аптаға жоспар түзіледі. Бірлесіп қауіпсіз, сапалы жұмыс атқаруға кіріседі.
Манкент – күре жолдың бойындағы бекет болғандықтан, тәулігіне отыздан аса жолаушылар пойызы аялдайды. Бекеттегі тоғыз жолдың екеуі жолаушы пойыздарына арналған басты жол, қалғандары жүк тасымалына қызмет көрсетеді. арналған. Станция ғимараты төрт жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіпті. Бекет маңайына әлі қоршау жүргізілмеген. Алайда, екі арасы 150 метрдей жерде екі аспалы көпір бар. Бірақ Асхат Сәрсенұлының айтуынша, халық қызметтік өткелден өтуге дағдыланған. Оның айғағы, станция аумағында соңғы жылдары бақытсыз жағдайлар орын алмапты.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Манкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды