Менің мектебім – мұражай

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:01
Оқуға 2 мин
Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржолшылар мұражайының есігі үнемі айқара ашық тұрады. Теміржол басқармасы ғимаратына кірген кез келген жанды «менмұндалап» шақырып тұратын тарихи орда жәдігерге бай. Келесі жылы құрылғанына 30 жыл толатын мұражайда Батыс Қазақстан теміржолының құрылып-қалыптасу тарихы мен оның дамуы туралы құнды деректер мен мағлұматтар, сонау Ташкент-Орынбор теміржолы кезінен бергі жәдігерлер мол жинақталған.    Соңғы екі жылдан бері мұражай меңгерушісі қызметін атқарып отырған Анар Жұбаеваның айтуынша, мұражай оның мектебіне айналған. Талай құнды деректермен таныстырған сарғайған газет қиындылары, альбомдар мен тарихи құжаттармен қоса жылжымалы құрамдардың макеттері, жез қоңырау, т.т. өткен ғасырдан сыр шертіп,  сол дәуірдің жанды суретін көз алдыңа келтіретіні анық деп санайды.   Батыс Қазақстан темір жолында еңбек сіңірген, әр түрлі жылдары өз қызметтерін атқарған атақты теміржолшылар стенді де тағлымды да бай дереккке толы. «Сонымен қатар, осыдан шамамен он-он бес жылдай бұрын ашылған Хромтау-Алтынсарин теміржол тармағы, Жезқазған-Бейнеу жаңа темір жолы құрылыстарына қатысты стендтер пайда болды.Енді, міне, Ақтөбе рельсарқалық зауытының ұрылысы, жұмысы мен технологиялары туралы ақпарат беретін стенд жасалынып жатыр», – деп мәлімет берген музей меңгерушісі біздің мұражайға саяхатымызды ұйымдастырған еді. Таяуда мұражай құрылымында өзгерістер болды. Бүгінгі таңда мұражай Астана қаласында орналасқан ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама орталығының қарауына өтті. Мұражай экспонаттары мұражай қорының журналына сәйкес тізімге алынып, автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізіліп жатыр. «Мұражай қорын электронды базаға енгізу барысында барлық экспонаттар фотоға түсіріліп, әрбірінің сипаттамасы толтырылды», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама орталығының басшысы Майра Өмірзақова.   Бүгінде мұражай ауданы 375 шаршы метрді құрайды. 362 экспонаттың 155-і негізгі қорда тіркелген, қалғандары – мұрағаттағы құжаттар мен фотокарточкалар, т.б. «Бізге экскурсияға қаладағы оқу орындарының студенттері мен оқушылары жиі келеді. Болашақ теміржолшылар да бар, өндірісте жүрген қызметкерлер де бар, қызығушылық тек артып келеді. Жастар жағы пойыздардың, тепловоздар мен паровоздардың, вагондардың кішкентай макетін қызықтаса, аға буын құжаттар мен фотоларға ұзақ шұқшияды, ондай кезде олармен өзім білетін дерек пен дәйекті бөлісуге дайын тұрам», – дейді мұражай меңгерушісі. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді