Болашағын Болашақпен байланыстырған

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:18
Оқуға 2 мин
Гүлмираның өмірбаяны қызық. Орал облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген. Әкесі есепші, анасы мұғалім. Туған ауылы Базартөбе теміржолдан жырақта орналасқан. Осындай теміржолмен көп алды-бердісі жоқ, өзімен өзі бірсарынды тірлігі қайнаған ауылда өскен Гүлмира қалай теміржолшы болды?       Оның алғашқы игерген мамандығы – мұнайшы. 1981 жылы мектеп бітірген соң Ақтау қаласында тұратын апасының қолына келеді. Түбектегі мұнай өндіруші кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Мекеменің өндірістік жолдамасымен Мәскеу қаласындағы Губкина атындағы жоғары оқу орнына оқуға қабылданады. Сол жақта жүріп тұрмысқа шығып, балалы болады. Осылайша Отанынан біраз жыл алыста жүріп барып туған жерге қайта оралтады. 2002 жылы теміржолға жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа тұрады. Содан бері теміржолшы. 2011 жылы жаңадан ашылып жатқан Болашақ станциясына жұмыс ауыстырады. Оған дейін Маңғыстау, Ақтау порты станцияларында еңбек етеді. Еңбегі еленіп, 2010 жылы Маңғыстау жол бөлімшесі директорының Құрмет грамотасымен марапатталады. – Болашақ станциясы ашылады дегенді естігеннен алғашқы лекпен осында ауыстым. Ендігі өмірімді Болашақпен байланыстырғым келді. Мұнда мені қызықтырған басты нәрсе – станцияның перспективасы, шекаралық станция статусы болды. Онда жұмыспен, барлық жағдайы жасалған баспанамен қамтылдым. Қазір жұмыста барлық жағдай жасалған, заманауи технология, интернет – бәрі бар. Станция арқылы жүк тасымалы жылдан-жылға жоғарылап келеді. Түркіменстан арқылы Иранға, Ауғанстанға өтетін жүк вагондарына қызмет көрсетеміз. Күнде Түркіменстанға екі пойыз, Түркіменстаннан Қазақстанға екі пойыз өткіземіз. Кей кездері одан да көп. Міндетім – теміржол саласының қауіпсіздігін сақтай отырып, жүкті дер кезінде және ешқандай ақаусыз өз уақытында тапсыру,- дейді бүгінде станцияда аға жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып еңбек ететін Г.Сыдықова. Теміржол саласында біілмін толықтырып, өз мамандығын жан-жақты  игеру үшін «студент» атанар жастан өтіп кетсе де кейіпкеріміз Қазақ қатынас жолдары университетіне түсіп, сырттай оқып жоғары білім алғаны – оның табандылығының нәтижесі екені белгілі. Бүгінде өзіне ұнайтын, жайлы жұмысы бар, ұлы Дәуреннің де тағдарын теміржолмен байланыстырғысы келгенін қуанан құптады.  Станцияда техникалық кеңседе оператор болып еңбек ететін ұлының алғашқы аяқалысына көңілі толады. Гүлмираның арманы – барлық аналардың арманына ұқсас, маңдай терінің жемісін көру, ең бастысы, теміржолдағы еңбегі енді басталып жатқан жатқан жалғыз ұлының, өзін "әже" атандырған немерелерінің Болашақтағы болашағына сенеді.   

Шахизат Сарина

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді