Ең әдемі келіншек
Мариса Төлеубаеваның Ақтөбеге келін болып түскеніне 25 жыл болады. Ширек ғасырдан бері ата-енесімен бір шаңырақтың астында тұрып келеді. Екі жыл бұрын оның өзі де келін түсірді. Амандық болса, әулетте төртінші ұрпақ дүниеге келеді деп күтіп отыр.
Батыс Қазақстан облысының Фурманов ауданында дүниеге келген Мариса Ақтөбеге білім қуып келіп, осында Ойылдың жігітімен бас қосып қалып қойып, ауыл-елге «ең әдемі келіншек» атанған екен.
«Әкем өмір бойы ауылшаруашылығы саласында еңбек етті, анам білім беру саласында есепші болды. Отбасыда 5 қыз, 1 ер ұл өстік. Мектеп бітірген соң үйдегі бауырлары секілді педагогика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына құжат тапсырдым. Бірақ түбі теміржолда жұмыс жасаймын деп, шыны керек ол кезде үш ұйықтасам түсіме кірмепті» деп күледі ол.
Кейіпкеріміз еңбек жолын Ойыл ауылында мектепте мұғалім болып бастаған екен. Араға жылдар салып, «Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалының кадр бөліміне қызметке келеді де біржолата тұрақтап қалады.
«Кадр бөлімінің жұмысы қызықты әрі жауапты. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер секілдісің, жұмысшының әлеуметтік жағдайын бақылау, ынталандыру, сыйақы, түрлі жеңілдіктерді, демалыс, т.т. ресімдеп отырудан еш шаршаған емеспін. Бүгінде «Транстелеком» компаниясы еліміздегі ең мықты іт-операторға айналуға әрекеттеніп жатқаны белгілі. Соған сәйкес, жұмысшылардың да біліктілігі жоғары болуы керек. Кезек-кезеңмен білім жетілдіру курстарына жіберіп отырамыз. Отбасыдағы жағдайларға байланысты материалдық көмек қарастырылған. Тіс емдеу, еңбек демалысында курортқа жолдама, балалар лагері, т.т. жұмыстар жетерлік. Жолдасым мені үнемі қолдап отырады. Әйтпесе, мен 8 сағаттық жұмыста жүрем бе? Енем де балаларымды бағып-қағып, ер жеткізді. Екі ұл тәрбиеледік. Бүгінде өзім де ене атанған жайым бар. Амандық болса, немерелі боламыз деп күтіп жүрміз. Қазіргі жаңа жүйе бойынша әлі 20 жылдан кейін зейнетке шығады екенмін. Дегенмен, немереге қарайтын уақыт табамын ғой» деп күледі Мариса.
Бір отбасының жалғыз баласына тұрмысқа шыққан Мариса ата-енемнен бөлек тұрамын деп ойланып та көрмепті, күйеуі де әу баста жалғыз ұл болғандықтан әке-шешесімен тұратынын кесіп айтқан. «Жолдасымның анасы, енем мені өзінің қызындай бауырына басты. Қасына ертіп жүріп, барлығын үйретті. Ризамын ол кісіге. Кейде, «Мерейлі отбасы» секілді жобаларға қатысып, әулетімді мақтағым келеді», – дейді ол.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды