Айлық анықтаған ақаулар

Жаңалықтар
16.03.2018, 16:08
Оқуға 2 мин
Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагон қараушылары "Бүйірлік рамаға бақылау" айлығы аясында қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін бірқатар кемшіліктің жолын кесті.         Өткен жылғы желтоқсанның 15-інде басталған айлық осы жылғы сәуірдің 15-іне дейін жалғасады. Акция барысында бұған дейін Маңғыстау және Бейнеу станциясындағы вагон қараушылар парктегі вагондарды тексеруде – 5, тұйыққа ағытып, бақылаудан өткізу барысында 2 вагоннан бірнеше ақауды анықтады. 3 қаңтарда бейнеулік вагоншы Жарылқасын Тұрғанбаев деполық жөндеуден 22.12.2016 жылы шыққан вагоннан  №99690-1175/2013 жылғы жұп дөңгелегінің букс торабы таяныш сақинасының омырылуын байқаған. 2 ақпанда маңғыстаулық аға вагон қараушы Назархан Сариев №22 тұйыққа ағытылған вагонды толық тексеруден өткізуде №76321 бүйірлік рамасынан диаметрі 2, тереңдігі 12 миллиметрге дейін қабыршақты көреді. 12 ақпанда вагон қараушы Жеңісбек Исанов астық тиелген жүк вагонының №108152-5/1992 жылғы бүйірлік рамасынан 10 миллиметр өтпелі тесікті, 13 ақпанда бейнеудегі вагон қараушы Кенжебек Орынбаев астық вагонының №37091-5/1991 жылғы бүйірлік рамасының жарылуын, ал 15 ақпанда Ыбырай Сатыбалдиев жүк вагонынан №37280-39/1989 жылғы букстық тораптың жылжуын тапқан. 21 ақпан күні Байзақ Битанов Ресей вагонынан №127378-28/1984 жылғы жұп дөңгелегі буксының бұзылуын, Байрамбай Тыныштықов ағыту тұйығына түскен вагонының бүйірлік рамасынан бүйірлік жарықты анықтаған.      Мекеме басшылығы енді оларды қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, теміржол апаттарының алдын алғаны үшін марапатқа ұсынбақ.  – Бүйірлік рамаларының сынуы – пойыздар қозғалысына қауіпті ақау. Ол вагон жасау және құрастыру кәсіпорындары жасап шығарған құйылым бөлшектері өнімдерінің сапасыздығынан пайда болады, – дейді Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті басшысы Жұмабек Якупбаев.  

Шахизат Сарина,

Маңғыстау

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды