Цифрландыру – рельс өндірісінде
Ақтөбеге жұмыс бабымен келген ҚР Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев өңірдегі инновациялық өндіріс орны рельсарқалық зауытында болып, кәсіпорынға цифрландыру жүйесін енгізу жобасымен танысты.
Зауыт басшылығы Үкімет басшысы орынбасары мен облыс әкімі бастаған ресми делегацияның рельс өндірісімен таныстырып, шикізатты жоғары температурада қатты қыздырып, рельс дайын болғанға дейінгі аралықты егжей-тегжей түсіндіріп, іс жүзінде көрсетті.
Зауыт құрылтайшыларының бірі Марат Ибрагимов өндірістегі заманауи жаңашылдықтармен, толықтай автоматтандырылған үдеріспен таныстыра келіп, цифрландыру элементтері Ақтөбе рельсарқалық зауытында әлдеқайда енгізілгенін паш етті. Сонымен қатар отандық рельске бүгінде алыс та жақын шет мемлекеттерде сұраныс артып отырғанын, өткен жылдың өзінде көршілес Ресей теміржолдарына Қазақстанның рельстері жөнелтіле бастағанын жеткізді.
Қонақтар дайын болған рельс өнімдерін соңғы сатыда тексеретін зертхана жұмысымен де танысып шықты.
Мәжіліс залында өткен жиында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өндірісті цифрландыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. «Бүгінде Ақтөбе облысында қызмет көрсету, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, т.б. салаларда цифрландыру жұмыстары белсенді түрде қолға алынып келеді, рельсарқалық зауыты сынды инновациялық өндіріс орындары цифрландыру стандартымен жұмыс істейді. Жалпы, биыл кем дегенде 25 кәсіпорынды қайта жаңғыртып, цифрландыруға 38 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», – деді Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының цифрландырудың тиімділігін қарапайым мысалдармен нақтылау қажеттігін атап өтті. Вице-премьер цифрландырудың не үшін керектігіне тоқталды, көптеген оң нәтижеге цифрландырудың арқасында қол жеткізуге болатынын нақты мысал мен болжам арқылы баяндады. «Жалпы, өнеркәсіпті цифрландыру, экономикасының барлық салаларына цифрлы технологияларды енгізу қолға алыну қажет, онсыз өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігі мен сапасын арттыру, әлеуетін арттыру мүмкін болмайды», – деп қорытты сөзін Асқар Жұмағалиев.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды