Ана мен бала бақыты 

Жаңалықтар
16.03.2018, 17:59
Оқуға 2 мин
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің мәжіліс залында «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен «Бала бақыты – Ана бақыты» деген тақырыпта көпбалалы теміржолшы аналармен кездесу өтті. Көпбалалы аналарды қолдау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру, туындаған проблемалық мәселелерін тыңдау, оны шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамды жұмылдыру мақсатында өткен шараға көпбалалы отбасында тәрбиеленген 6-10 жас аралығындағы балалар да қатысты. Кездесу барысында көпбалалы аналардың проблемалары да сөз болып, оның шешілуіне ықпал жасалу жұмыстары назарға алынды. Теміржолшы аналар балалары өз қолдарымен дайындаған туындыларын тамашалап, өнерімен өрге жүзген төрт балаға «Ертегі әлеміне саяхат» кітабы сыйға тартылса, шойынжол саласында ерлермен қатар жұмыс жасайтын бірқатар көпбалалы аналарға Алғыс хаттар табысталып, қаржылай көмек жасалды.  Сондай-ақ, «Теміржол» партия филиалының ұйымдастыруымен өткен тағы бір шара айрықша қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған теміржолшы-аналардың бастарын қосып, оларға да демеу болды.   Мерекелік шараға «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен филиалдың Саяси кеңес мүшесі, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиал төрағасы Өмірбек Жүсіпов және тағдырларын болат жолмен байланыстырған аналар қатысты. Олар отбасында айрықша қажеттіліктері бар балаларының жағдайларын айтып, мүмкіндігінше олардың қоғамнан тыс қалмауына көмек қолын созып, отбасына түскен салмақты бөлісуге атсалысып, қолдау жасап отырған жандарға алғыс айтты.   Шара барысында аналарға құрмет көрсетіліп, балаларының денсаулықтарына қатысты көмек, жеңілдіктер сөз болды. Таудай тауқыметті арқалап, түн ұйқыларын төрт бөліп, үйге де, түзге де үлгеріп отырған аналарға алғыс айтылып, мерекелік шәй сервизі мен гүл шоқтары табысталды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды