Сырдан төнген қауіп жоқ
Сыр бойының теміржолшылары көктемгі жауын-шашын кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға дайындықтарын бір сәтке де босаңсытқан емес. Әрине, күн жылып, қар кетсе де қауіптің беті мүлде қайтты деуге әлі ертерек.
Сондықтан Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы жасақталған 15 вагондық пойыз құрамы Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда жол дистанцияларында жасақталып дайын тұрғанына бірталай уақыт өтті. Бұл дайындық компания басшылығының жылжымалы құрамдардың кідіріссіз және қауіпсіз қозғалысын сақтау, жолдарды дер уақытында дайындау, жол бойындағы жасанды құрылыстар мен су өткізгіш құбырлардан көктемде еріген қар суының кідіріссіз өткізу жайлы ағымдағы жылдың 19 ақпанында жариялаған №25 Ц бұйрығы негізінде әзірленген.
Сонымен қатар сала басшыларынан құрылған комиссия жасақталып, шұғыл іс-шаралар жүйесі түзіліп, жол бойы мен арагідік дария жағалауын кезекшілікке алып, бақылау жұмысы басталған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.
– Қазір Сырдариядан төнген қауіп жоқ. Дегенмен, көктемгі жауын-шашынның көбеюі шүғыл жұмыстар тізбесін жасап, барлық телімдерді бақылауға алып, кезекшілікті күшейтуге мәжбүрлейді. Бөлімшедегі Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда жол дистанция басшылары мен комиссия мүшелері тарапынан телімдер үздіксіз тексеруден өткізілуде. Жол дистанциялары жолшылары арық, құбыр, жыраларды тазалалап, су өту жолдарын ашып қойған. 15 вагондық құрамның бесеуі Қызылорда станциясында тұр. Осындай вагон құрамы Қазалы және Сексеуіл станцияларында да жасақталған, – дейді көктемгі жауын-шашынды тосын жағдайсыз өткізуге дайындық шаралары жайлы Магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов.
Бөлімше бойынша 164 көпір, 230 құбыр, 8 жыра, 4 арық пен 5 ор бар екені мәлім. Жол дистанцияларының көпір бригадалары кезекшілікпен жасанды құрылыстар мен жол бойын бақылауда ұстап отыр. Сырдария өзеніндегі су деңгейі жайлы күнделікті мәлімет алынып, соған орай бақылау да күшейтілуде.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?