Сәуір болмай, тәуір болмас 

Жаңалықтар
20.03.2018, 17:04
Оқуға 3 мин
Биыл Жамбыл өңірінде күннің көзі ерте жылып, қыс айларында мол түскен қар мен ылғалдың салдарынан қызыл су біраз елдімекен тұрғындарын әбігерге салды. Әсіресе, таулы аймаққа жақын маңдағы ауылдардың жағдайы мүшкіл еді. Төтеншеліктер ерте дабыл қаққанымен ағын судың бетін қайтару оңайға түспеді.  Дегенмен, бұл жайды жыл сайын зерделеп, қауіпті аймақтардың картасын белгілеп алған әулиеаталық теміржолшылар пойыздар қозғалысын тоқтатқан жоқ. Рас, Маймақ станциясы және Луговой бағытындағы 96,97-шақырымда аздаған кедергілер болғанымен, анау айтқандай олқылықтар орын алған жоқ. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев төрағасы, ЖТ Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Алексей Ким орынбасары болып жасақталған арнайы штаб алдын алу шараларына ерте кіріскен.     –  Су тасқынының алдын алу бойынша төрт пойыз толық жасақталып, Сары Шаған, Шу, Жамбыл және Түлкібас станцияларында тұр. Барлығы 36 вагонға керек-жарақтың барлығы тиеліп, мамандар жауапкершілігі де ескеріліп отыр. Жуырда Маймақ станциясында ағын судың қаупі жоғары деген хабар келді. Дегенмен, ол қауіпті аймақ ретінде біздің назарымызда тұрған жай. Бірақ биыл таудан аққан судың арық көздері бітеліп, көміліп, біраз кедергілер келтірді. Алайда, қозғалыс қаупсіздігіне еш кедергі келтірілген жоқ. Онда арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, алдын алу шаралары нұсқаулыққа сай жүргізілді, – дейді  Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдулаев.  Оның үстіне биыл күн ерте жылып, жердің тоңы жібімегендіктен ағын су жерге сіңбей аққан. Ал Луговой бағытындағы жағдай бойынша, онда да таудың суы егіндіктен ағып келіп теміржолдың маңына жиналған. Теміржолшылар дереу судың көзін ашып, ағызып жіберген. Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркіменстаннан Қытайға газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонда газ құбырлары жердің астына көміліп, кей жерлері тапталмай кеткен көрінеді. Міне, су осындай тапталмаған жерлерді шайып, жиналыпты. Сонымен қатар Ақыртөбе станциясының маңындағы ауылдарды су шаюының  да себебі бар екен. Бұрын Кеңес үкіметі тұсында ауыл маңында дамбалар болатын. Осы қолдан жасалған шағын су қоймаларында ерте көктемде ағын су жиналып, жердің тоңы жібігенде сіңіп кететін дейді. Қазір осы дамбалардың дені бұзылған. Олардың орнына шаруа қожалықтардың үй-жайы, қоралары соғылған. Тіпті ауыл ішіндегі арықтар тегістеліп, құрылыс салынып кеткен. Сонда ағын су қайда барады? Осыны ескерген жөн дейді мамандар.    – Біз алдын ала қауіпті аймақ деп танылған телімдер бойын түнде жарықтандыру жұмыстарын  жүргізіп, локомотив бригадаларын ескертіп, кезекшілік ұйымдастырдық. Мұндай алдын алу шаралары көктем айының соңына дейін жүреді, себебі «сәуір болмай, тәуір болмас» деген сөз тегін айтылған ба, көктемнің күнінен әр нәрсе күтуге болады, – дейді магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?