Салт-дәстүрді жаңғыртып...
Жаңалықтар
20.03.2018, 17:11
Бүгінде ақ кимешекті әжелерді көбінесе тек Наурыз мерекесінде ғана көретініміз рас. Әйтсе де, Семейде этножәдігер саналатын осынау киім үлгісін жайшылық уақытта да, қоғамдық шараларда да киіп жүретін бір шоғыр байырғы теміржолшы әжелер қауымы бар.
Семей ЖТ бөлімшесі ардагерлерінен құралған, әйелдердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің мүшелері – осы салт-дәстүрді сақтаған, сары қымыз баптаған әжелер. Әйгілі Мойынбаевтар дистанциясының өкілі, ұзақ жылдар бойы Семей теміржол вокзалының бастығы болған Нағима Абдуайтқызы зейнеткерлікке шыққасын жұмысын жаңа бағытта жандандырды. 2007 жылы «Бағыт» қоғамдық бірлестігін құрып, қаладағы өздері секілді түрлі ұйымдармен бірлесіп, тағылымды шаралар жүргізуді қолға алды. Мәселен, қалалық Достық үйінде орын тепкен «Ахау Семей!» қазақ ұлтының құндылықтарын қолдау орталығымен қанаттасып, түрлі танымдық іс-шаралар өткізуде. Соның ішінде, әсіресе, жас буын арасында ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді насихаттау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ілкімді жұмыс жасауда. Атап айтсақ, аталмыш бірлестік мүшелерінің қатысуымен қала бойынша «Қымызмұрындық», «Ақ орамал», «Бауырсақ» сынды этномәдени тұрғыдағы, қызғылықты әрі танымдық мазмұны бай шаралар өткізіліп жүр. Теміржолшы әжелер сапында байырғы теміржол саласының ардагері Бижамал Қалиқызын, Семей станциясында бұрма бағыттамашысы болған Тұрсынғайша Багенованы, вагон шаруашылығының бүгінгі ардагері Күләш Құдайбердіқызын, т.б. көруге болады.
– Теміржолшы ардагерлер арасында дәстүрлі «әжелер мектебін» құрудағы басты мақсатымыз – жастар арасында ұлттық салт-сананы жаңғырта отырып, салт-жоралғыларды дәріптеу, ұлтты сүюге баулу, қала берді отбасы құндылықтарын сақтауға, әулет шежіресін білу, ене мен келін қарым-қатынасы, ұрпақ тәрбиесі сынды ізгі қасиеттерді нығайту, – дейді ұйым жетекшісі Нағима Мойынбаева.
Адагерлердің еш ақысыз орындалатын қоғамдық қызметі, әсіресе, Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен теміржолшылардың кәсіби мерекесінде қыза түседі. Сонымен қатар, мамыр айы туысымен орталық саябақта қайырымдылық, танымдық негізде «Қымызмұрындық» сынды іс-шаралар ұйымдастырып, өскелең буынға ұлттық сусынның қадір-қасиетін, бабалар тағылымын үйретеді. Қала берді қалалық Достық үйіндегі үйірмеде тегін түрде қыз-келіншектерге ою-өрнек әзірлеу, құрақ көрпе тігу, ұзатылар қыз жасауын даярлау сынды дәстүрлер түрін дәріптеуде.
Міне, наурыз туды. Алда мерекелік шаралар қатары мол. Әжелер қауымы тұсау кесу, нәрестені бесікке бөлеу, табақ тарту сынды ұлттық салт-дәстүр түрлерін тағы бір мәрте халық жадында жаңғыртып, сахна төрінен дәріптемек. Қатарлары зейнеткерлікке аяқ басқан жаңа мүшелермен де толығуда.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...