Теміржолдың наны тәтті
«Интернаттың наны» деген жазушының әңгімесі естеріңізде ме? Сыр өңірінде әлі күнге «теміржолдың наны тәтті» деген сөз бар. Мұны екі мағынада түсінуге болады. Жалпылама теміржолда еңбек етіп тапқан табысыңның баянды боларын меңзесе, тура мағынасындағы түсінік кәдімгі бөлке нанмен байланысты...
Кезінде ОРС – жұмысшыларды жабдықтау бөлімі деген болды. Жол бойындағы теміржолшы халықты қажетті азық-түліктен бастап шаруашылық заттар, барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететін осы мекемеде нан пісіруші болып 25 жыл еңбек еткен Айтжамал апа пісірген ерекше дәмді, үгітілмейтін, құнарлы әрі салмағы ауыр – 750-850 грамм көлемінде болған нан көзкөргендердің әлі есінде. «Нанның қалыбы пештен толып шығатын, керемет тәтті, бір нанға бүкіл отбасы тоятын берекелі болатын...», – деп еске алады апаның замандастары.
Ширек ғасыр ас атасы нан пісірген Айтжамал апаның еңбек кітапшасына: «ОРС НОД наубайханасының нан пісірушісі» деген бір ғана жазу бар. 1965 жылдан бастап бел жазбай еңбек етіп жиырма бес жылдан кейін Құрметті теміржолшы, Еңбек ардагері атанып, құрметті зейнеткерлікке шығыпты.
– Теміржолдың наны мен үшін тәтті болды. Күн-түн деместен жұмыс жасадық. Өйткені, таң ата пісірген нанды ыстықтай вагон лавкалармен жол бойындағы станция-разъездерге жөнелтетін. Пешке салған нанның бабында тәтті болып пісуі үшін кірпік қақпай пеш жанында күзетіп тұратынбыз. Ауысыммен жұмыс жасайтын аз ғана адам жұмыстан қайтқан кезде белімізді жаза алмай қалатынбыз, сонда да жеп отырған нанымыз болған соң жұмыстан шығып қалмайық деп шаршағанымызды ұмытып, бір күннен соң тағы шығамыз. Пешке салған нанды сағатқа қарап отырып бір күнде 7-8 мың нанды 8-9 адам пісіретінбіз, – дейді өткен күндері жайлы әңгімелеген Айтжамал әжей.
Осындай ерен еңбегі еленіп, қарапайым наубайшылар арасынан алғаш рет Құрметті теміржолшы атанған Айтжамал апа сол кезде ол жерде еңбек ететіндерге талап қатал болғанын еске түсірді. Наубайханадағы нан пісірушілер, ұн мен нан таситын жүкшілер тегіс әлсін-әлсін дәрігерлік тексеруден өткізіліп, олардың гигиеналық тазалығы мен жұқпалы аурумен ауырып-ауырмағандығы арнайы тексеріліп отырған екен.
– Ол кездің дәрігерлеріне қойылған талап сондай қатал ма, әйтеуір дәрігерден жұмысқа жарамды деген қағаз алу қиын болатын. Жұмысымызды бақылайтындар да көп болатын. Пешке салынатын көмір де өлшеммен салынады, пештегі нанды да сағат-минутпен салып-алу керек. Әрине бір салғанда бірнеше жүз нанды бір-ақ саламыз, егер бірнеше минут кеш шығарсаң, бүкіл нан күйіп, бар еңбек далаға кетеді. Ондай да жағдай болған, – дейді ауыр бейнетпен өтсе де наубайхана пешінен нан шығарған жылдарын сағынышпен еске алған «Еңбек ардагері» және «Ана даңқы» медалі мен Құрметті теміржолшы төсбелгісінің иегері Айтжамал Жолдықұлова.
Кезінде теміржолшыларға қызмет еткен сол наубайхана әлі де жұмыс істеп тұр. Тек қолданыстағы нан пісіру құрылғылары заманауи технологиямен алмастырылған. Ас атасы тұтынушылар дастарханына ұсынылуда.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?