Шебердің қолы ортақ
Жаңалықтар
28.03.2018, 16:36
Шымкент Электрмен жабдықтау дистанциясында еңбек ететін өнертапқыш маман Нұрмұханбет Қарабалаев қызмет көрсету мерзімі біткен құрылғыларды қайта қалпына келтіріп, оларға екінші өмір сыйлауда.
Екі жыл бұрын «Теміржол саласындағы адал еңбегі және техникалық шығармашылықты дамытқаны үшін» сол кездегі ұлттық компания президенті Асқар Мамин қол қойған авторлық диплом алған Нұрмұханбет Жақсылықұлы еңбек жолын Арыс станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастапты. Бірталай жыл Арыстағы аудандық желілік бөлімге басшылық жасаған соң 2000 жылы Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына ауысып, 2002-2009 жылдары директордың орынбасары, 2009-2017 жылдары жөндеу, тексеру бөлімінің бастығы міндетін атқарса, бүгінде осы бөлімде электр-механик.
– 2009 жылдан бері рационализаторлық жұмыспен айналыса бастадым. Егер жаңасы болса, орнына салу оңай. Өнертапқыштық жұмысым негізінен ескіні жөндеп, қайта пайдалануға арналған. Өткен жылдың өзінде төрт-бесеуін қолға алып, жарайтындарын өндіріске енгіздім. Жалпы, 2009 жылдан бұл саладағы жұмысым он бестен асып қалды. Басқа аймақтағы әріптестеріміз де біздің жасағандарымызды пайдалануда. Мысалы, ең бір пайдалы жұмысымды айтып кетейін. Майдың көмегімен жұмыс істейтін қосылғыш сымдардың (масленный включатель) бір-біріне жалғанатын тұстары кейде толық қосылмай қызып, табан астында істен шыға қалады. Ол өшкен соң пойыздың жүруі тоқтайды. Соларды қайта пайдаланудың жолын таптық. Жан-жақтарын тазалап, ішкі диаметрін кішірейттік. Одан соң ескірген 220 мың кВт болатын үлкен трансформаторларды ауыстыра салатын басқасы жоқ. Солардың істен шыққандарының ішінде ылғал пайда болады. Ал электр тоғы ылғалданса, жұмысын тоқтатады. Өзімізде ремонт жасайтын цех бар. Қалпына келтіру үшін цехтағы шкафтың ішіне қауіпсіздікті сақтай отырып, үлкен трансформаторды қойып, кептіріп, іске қосамыз. Кептіру үшін кәдімгі майдан босаған бөшкелерді ішіне қолданып, пеш жасап жөндеген соң, қайта іске қосылды. Мысалы, ішінде май болмайтын трансформаторлар бар. Солардың да істен шыққандарын тазалап, кейін эпоксидті желіммен орнын тегістеп, бетін лакпен жағып, дұрыстап іске қосуға әбден болады. Жарамайтынын айтып, тастай салуға болатын дүниелер еді. Бірақ, жаңасы болмағандықтан, осылай амалдауды өмірдің өзі үйретеді,- дейді Нұрмұханбет Жақсылықұлы.
Өнертапқыштық бастамасымен жарамсыз болса да қайта жөндеуден өткен соң іске қосылған кейбір аспаптардың талайы осылай екінші өмірін сүріп жатқанына 5-6 жыл өтіпті. Қанша үнем!
Жылға бекетінде үлкен көлемді электр тоғын май арқылы қосатын құрылғылар бар. Механиктің айтуынша, олардың біреуіне 9 тонна май кетеді, үш база болғандықтан, 27 тонна май сыяды. Осыдан 30-35 жыл бұрын шыққан осы құрылғылардың үнемі жұмыс істеп тұру үшін керекті құрал-жабдығын қолдан жасап, қызмет көрсету мерзімін ұзартып әлек. Жылға, Монтайтас, Арыста бір-бірімен тізбектелген алты қосалқы тартымдық станция бар. Қызылсай, Түлкібас, Манкентте төртеуі тізіліп орналасқан. Қазір Астана – Шу бойы модернизацияланғандықтан, энергетиктер енді оңтүстіктегі электр желілерінің де жаңаланатынына сенеді. Түлкібастың жолындағы Ынтымақ бекетіне қайбір жылы соңғы үлгідегі вакуумды, майды қажет етпейтін қосылғыш құрылғылар келген екен. Тек, шаңын тазаласа жетіп жатыр. Жылғада 15 жылдық кепілдігі бар Siemens сынды еуропалық вакуумды қосқыштар жұмыс істейді.
Дистанцияға тиесілі желі бойында салмағы 3 тоннаға жететін он алты үлкен трансформатор орналасқан. 2017 жылы бірқатарын цехқа орналастырып, майын төгіп, кептіріп қайтып жинаған. Біреуінің өзін кептіруге бір апта уақыт кетеді. Бұзуына 1-2 күн кетсе, жинауы да осынша уақытты алады. Одан соң алдын ала тапсырыс беріп, қай күні кран мен көлік бос болатынын күтеді. Бұдан бөлек облыстағы диспетчерлік орталықпен яғни «KEGOC» мекемесімен байланысты болған соң, оларға алдын ала үш күн бұрын тапсырыс береді. Ол күні кестеге сай келмесе, басқа күнге шегереді. Осындай қағазбастылықпен уақыт өтеді. Дегенмен, барлық құрылғының екінші данасы қарастырылған. Бірі бұзылғанда екіншісін қолданады.
– Жастарға өнертапқыштық жұмыспен айналысу үшін уақыттың жоқтығы сылтау емес, білімдерінің таяздығы кедергі. Мен техникум бітіргенмен көп нәрсе әлі есімде. Қазір мамандар жоғары білім алғанмен білімдері таяз. Жалпы тек теміржолда емес, ел бойынша білім алуға жастардың құлқы жоқ. Өткен жылы Кентау трансформатор зауытынан екі жігіт келді. Шеңгелдіде ресейлік вакуумды тәсілмен атқарылатын, электр сымдарын параллель қосатын модульді пункт бар. Кейін Сарығашқа тапсырыспен алынған. Екі жігіт соның техникалық құжатына дейін қарап кеткен. Кейін Шудағы екінші жол салынғанда электр сымдарын параллель қосатын модульді пунктті Кентау трансформатор зауыты шығарып берді. Сонда осыны өздеріне енгізген әлгі екі жігіттің біліміне тәнті болдым. Дегенмен, жастардың көбісі практика емес, тәжірибе жүзінде жүре үйренеді, Жылына бір рет колледжге студенттермен кездесуге барамын. Тоқ деген нәрсе жанып яки ағып жатқан жоқ. Көзге көрінбейтінін, қауіпсіздікті сезініп қимыл жасау қажет екенін түсіндіруге тырысам барынша. Байқайтыным, балалар сұрақ қоймайды. Демек, қызықпайды. 23 студенттен біреуі ғана бәрін біліп тұрды, қызығушылық танытты, – деп сырымен бөлісті маман.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды