Өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда

Жаңалықтар
28.03.2018, 16:46
Оқуға 3 мин
Өткен жылды жақсы көрсеткішпен қорытындылаған Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорыны үшін ағымдағы жыл да табысты болғалы тұр. Ұлттық компания тарапынан тапсырыс артып, соған орай  жұмыс көлемі артып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында кәсіпорынға басшылыққа келген Бақтияр Түлеков өндіріс жайын сөз етті.   – Өндіріс көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқаны рас. Өндіріс артып жұмыс көбейген соң соған сай жұмысшылар қатарын да арттырып отырмыз. Бұған дейін кәсіпорында 272 адам еңбек еткен болса, бүгінгі таңда кәсіпорында бүгінгі күні 291 адам тер төгуде. Дәл қазір алдағы көктемгі комиссиялық байқауға дайындық басталып кетті. 7 ПРСМ техникаларын толық жұмысқа қостық. Ол техникаларда вахталық әдіспен 80 адам еңбек етеді. Еліміз бойынша әр нүктелерде жұмыс жасап жатыр. Аймақта төрт техника он күн болды жұмысын бастады. Қалған техникалар өзге дистанцияларда жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, 1 ПРСМ техникасын күрделі жөндеу жұмысына қоймақпыз. Оның техникалық қызмет көрсету мерзімі аяқталып келеді. Және екі рельс бастарын тегістеу, татын қыру және өзге де техникалық қызмет көрсететін екі трактор бригадасы да екі ауысым бойынша жұмыс жүргізіп отыр. – Биылғы  меже қай шамада белгіленіп отыр? – Биыл жоспар бойынша 279 жаңа  рельс дәнекерлеуіміз керек. Бұрынғы пайдаланудағы рельстерді дәнекерлеу бойынша 88,6 км жоспарымыз  да  бар. 25 метрлік рельспен жөндеу жұмыстарына 15 км беріп отыр. Жұмыс көлемді, жоспар ауқымды. Барлығы биылғы жұмыс көлемі 382,6 км рельс дәнекерлеу керекпіз. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, өткен жылғы жоспарымыз 252 км болатын. Бірақ ұзатылған жылы 256 км жұмыс жасадық. Яғни межелі жоспарды асыра  орындадық. Ал бүгіннің өзінде биылғы меженің есебінен 66 км орындадық. Рельс бізге Ақтөбе рельс зауытынан тасымалданады. Яғни Ақтөбеден 100 метрліктен 200,7 км, 25 метрліктен 27,1 км келу керек. Кәсіпорында ұзындығы сегіз жүз метр рельс тасымалдайтын екі платформа бар. Қазір тағы да бір осындай рельс тасымалдайтын платформа дайындау жөнінде тапсырма түсіп отыр. Оны сәуір айының соңында іске қосамыз деген ойымыз бар. Өйткені, бұл «рельсовоз» арқылы еліміздегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүрген дистанцияларға рельс тасымалданатын болғандықтан аса құнды болып отыр.   – Биыл кәсіпорынның құрылғанына отыз жыл толыпты. Өндірістің басты ұстанымы қандай? – Ұстанымымыз, әрине, ең алдымен табыс. Бірақ оған жетудің өзіндік қыры мен сыры, ұстанымы аз емес. Негізінен біздің кәсіпорын стационарлық болғандықтан, жұмысшылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру мен еңбекті қорғауда да нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жұмысшылардың асханасы мен демалыс орындарын өз күшімізбен жөндеп жатырмыз. Сонымен қатар жыл сайын мамандардың біліктілігін арттыруға баса назар аударып отырамыз. Былтыр Астана қаласындағы орталықта16 адам біліктілігін көтерсе, биылғы жоспарымыз да осындай. Қазір сегіз адам біліктілігін көтеруге жіберілді. Ал қаласындағы оқыту орталығында өткен жылы сексен маман оқыса, биылғы меже де сондай. Демек, табысқа жетудегі басты ұстаным – адам капиталы деп ой түюге болады.  – Өндірісті жаңарту мен жаңғырту да табысты еселей түсері анық. – Әрине, өз-өзін сыйлайтын кез келген кәсіпорын басшысы уақыт көшінен қалмай тек жақсы дүниеге ұмтылуы қажет. Біз, мысалы, биылғы жылы екі дәнекерлеу апаратына тапсырыс бердік. Оның біреуі жақын күндері келіп қалады. Ал өзімізде жұмыс істеп тұрған украиндық  К1000 дәнекерлеу апараттарының жұмысы тұрақты, қызметінде мін жоқ.

Ерман Әбдиев, Луговой

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?