Бейнеттің зейнеті бар
Бақытжан Қабиевті теміржолшылар қауымы іскер азамат ретінде таниды. 17 жыл бойы Ақтөбедегі «Теміржолсу» мекемесін басқарған оны ұжымы наурыз мерекесі қарсаңында құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Осы жылдар ішінде өзін білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете білген Бақытжан Мұсаұлы «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-ін талай рет үздіктер қатарынан көрсете білген екен. Компания басшылары бір жылдары Ақтөбеде республикалық семинар ұйымдастырып, олардың тәжірибесін басқаларға үлгі еткен. Мекеменің кадрлар бөлімінің басшысы Гүлжан Көптілеуова бастаған ұжымдастары Бақытжан Қабиевке жылы лебіздерін жеткізіп, ендігі уақытын өзіне арнағысы келген жанға денсаулық, берекелі де мерекелі ғұмыр тіледі.
Бақытжан Қабиев Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген.
«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-ін басқарған жылдар ішінде оның басшылығымен атқарылған шаруалар шаш етектен. Соның ішінде Қандыағаштағы жылу трассаларын қалпына келтірген, шеберхана мен су өткізу желілерін жөндеуден өткізген, Атыраудағы теміржол мекемелерінің су құбырларын ретке келтіріп, көптеген разъездердегі желіні жаңартқан, Мұғалжар ауданындағы Жұрын станциясының су мұнарасына күрделі жөндеу жүргізген, Саржар ауылының желілерін жөндеген еңбектерін ерекше атап айтуға болады.
Теміржол саласында соңғы жылдары іске қосылып жатқан жаңа тармақтар бойынша да көптеген іс тындырылды. Ең бастысы, осы салаға маманданған тәжірибелі жандардан құралған ұжым қалыптастыра білді.
Теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Бақытжан Мұсаұлы 2014 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрінің және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің Алғыс хатын алды. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапатталса, 2017 жылы «Адал еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?