Талапқа сай

Жаңалықтар
28.03.2018, 17:23
Оқуға 2 мин
Өткен жылы өндірістік жұмыс кезінде еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген Сексеуіл станциясының теміржолшылары ағымдағы жылдың алғашқы екі айын да тосын жағдайсыз өткізді.  Өндірістік қауіпсіздік шараларын арттырып, еңбеккердің еңбегін қорғауды мақсат тұтқан станция басшылығы биыл да осы жұмыстардың сапасын арттыруға көңіл бөліп, нәтижелі жұмыстарды жалғастырып келеді. – Станцияда ауысымдық жұмыс алдында дәрігерлік тексеруден өткізілетін теміржолшылардың денсауылығында кінәрат болған жағдайда олар дереу күтімге алынады. Жалпы ұжым бойынша 5 маневр диспетчері, 10 дспп, 10 пойыз құрастырушы ауысым алдындағы міндетті дәрігерлік тексеруден өткізіледі. Өткен жылы дәрігерлердің қатаң бақылауынан өткізіліп жұмысқа қосылып отырған теміржолшылар денсаулығына байланысты жұмыстан шеттетілмегенмен, бір жыл ішінде 111 адам түрлі жағдайда дәрігерлік ем-дом алды, – дейді Сексеуіл станциясы бастығының орынбасары Еркебұлан Аралбайұлы. Теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстайтын станция басшылығы қауіпсіздік күні мен еңбек қорғау күнін ай сайын өткізіп, еңбек жағдайын жақсарту арқылы еңбек шарттарын жетілдіре отырып, жұмысшы еңбегінің қорғалуын бірінші кезекке қояды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау күні станция басшылығы теміржолшылардың, оның ішінде арнайы маневр диспетчерлерінің жұмыс орындарында еңбек қорғаудың 1-дәрежелі бақылауы өткізілсе, 2-дәрежелі бақылау станция басшысы тарапынан әр он күн сайын өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, станция жолдарында жұмыс жасайтын теміржолшыларды өндірістік жарақат алудан сақтандыру үшін, олардың еңбек қорғау талаптарын орындауын қадағалау үшін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау қағидалары бұлжытпай орындалуы үшін дауыс зорайтқыш арқылы тұрақты хабарлама оқылып тұрады. Теміржолшылардың жұмыс орындарын техникалық талапқа сай санитарлық-тұрмыстық деңгейде ұстап тұру үшін әр аптада тазалық күні өткізіледі. Ай сайын станция жолдарындағы ескерту белгілері мен аншлагтар да тексеруден өткізіліп, ескіргендер жаңаланады. Техникалық процестердің сақталуын назарда ұстау үшін қауіпсіздіктің жоғары аумағында, белдеулерінде тосын  тексерулер ұйымдастырылады. Мәселен, өткен жылы 54 мәрте тосын тексеру, 26 рет түнгі бақылау өткізілген екен. Тексерулер кезінде анықталған кемшіліктерді дер кезінде орындауға күш салынып, түсіндіру жұмыстары мен инструктаждар жүргізілген. – Өткен жылы станция басшылығы және арнайы мамандар тарапынан теміржолшылармен 26 техникалық пысықтау сабағы ұйымдастырылып және бірнеше мәрте бекітілген тақырыптар мен телеграфтық тапсырмалар негізінде еңбеккерлердің техникалық біліктілігін арттыру жұмыстары атқарылды, – дейді станция бастығының орынбасары.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Сексеуіл станциясы

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?