«Жас өркен» – жастар мүмкіндігі
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңадан жұмысқа тұрған жастарға немесе теміржолшылардың отбасындағы балаларына, яғни еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарын 2016, 2017, 2018 жылдары бітірген түлектерге «Жас өркен» тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша байқауға қатысу мүмкіндігі туып тұр.
Бұл мүмкіндікті «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы байқауға қатысуға тапсыратын өтінімдердің қабылдау мерзіміне дейін ұзарту арқылы беріп отыр. Демек, байқауға қатысып, бақ сынаймын дегендерге сәттілік серік болсын демекпіз. Ал, біз «Жас өркен» тағыламдамалық бағдарламасының мақсаты не және ол қатысушыларына не береді?» деген сұрақтарға жауап бермекпіз.
– Бұл алғашқы ұзақ мерзімді бағдарлама және ол бірнеше он жылдыққа арналып отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты, алдағы 20-30 жылға алдын ала кадрларды дайындау, яғни, 20-30 жылдан соң топ-менеджерлердің қандай болатынын білу. Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда «Жас өркен» тағылымдық бағдарламасының қатысушылары отыр. Кезегі келгенде, олар бағдарлама туралы өз ойларымен бөлісе жатар. Ал бағдарламаға келсек, оны дайындау үшін бірнеше жыл тер төгуге тура келді. 2017 жылдың қыркүйегінде тұсауын кесті. Байқауға қатысуға 600 адамнан өтінім түсті. Төрт кезеңнен тұратын байқау нәтижесінде әлеуеті жоғары деп танылған 20 адам іріктеліп алынып, тағылымдамадан өтуге кірісті. Бұл бағдарлама талабы бойынша, оған қатысушы төрт ірі компанияда тағылымадан өтеді. Мысалы, Айжан есімді қатысушымыз, алғашқы бес айда стажировканы Кегокта өтті, енді Қазпоштада өтіп жатыр, үшіншісін «ҚТЖ» компаниясында, төртіншісін «Самұрық-Қазына» қорында өтуі мүмкін. Ол адам ресурстарын басқару саласында маманданып жүр. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, қатысушылар оның шеңберінде «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің қабырғасында, сондай-ақ, біздің серіктестеріміздің, айталық, Мәскеу академиясында білімін молайта алады» деп бағдарламаның артықшылығымен бөлісті «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова жуырда өткен басқосуда.
Үстіміздегі жылы «Жас өркен» бағдарламасына жаңадан адамдарды жинауға байқау жарияланып отыр. Осыған орай Қор басшылығы үміткерлерден өтінім қабылдау мерзімін 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартып отыр. Және де түлектердің қатысу мүмкіндігі 3 жылға кеңейтіліп, 2016 жылдан басталып отыр. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, барлық стажерларға тәлімгер тағайындалған, бәрінде тең жағдай жасалған. Үміткер Қазақстанның азаматы және жоғары оқу орнының түлегі болуы тиіс. Мәселен, ағылшын тілін білу міндетті емес. Оны үйренуге болады. Онлайн арқылы тіркеліп, іріктеуден өтуге болады.
«Біз Қазақстанның талантты жастарын оқытып, дамытуға дайынбыз. Біздің міндетіміз – стажировкадан сәтті өткен жастарды Қор компанияларына жұмысқа орналастыру. Биыл да байқауға қатысқан еліміздің резиденттері арасынан 20 түлекті таңдап аламыз. Бізге әлеуеті жоғары, табысты жас адамдар керек. Біз жай ғана ақша табуды ойлаған емес, әрі қарай оқып, дамуды көздеген жастарды іздейміз. Себебі, Отанына деген ниеті түзу адам ғана келешекте қоғамды жақсы жаққа өзгерте алады. Тағылымдамадан өту барысында барлық стажерларға стипендия төленіп, жолақы және тұрған үй-жайларына да төлемақы жүргізіледі. Оларға стажировка үшін, тұратын үй-жайларына және жүріп-тұруларына төлемақы төленеді. Бұл – біздің социологиялық инвестициялар», – дейді Гүлмира Раисова.
Тағы бір білгеніміз, егер «Жас өркен» бағдарламасы бойынша байқауға қатысып, ол сыннан сүрінбей өткен үміткер, егер жұмыс істеп жатқан болса, онда ол жұмысымен қош айтысуына тура келеді. Яғни, 20 айлық тағылымдамадан өтіп, Қорға жұмысқа тұрмақ.
Осы бағдарламаның жүзеге асуына ұйытқы болып, бастамашылдық танытқан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директоры Ричард Эванс, «Жас өркен» бағдарламасының қатысушыларымен өткен кездесуде бұл жобаның жас мамандар үшін практикалық тәжірибе жинауға бірегей тәсіл екенін атап өтті.
«Талантты қызметкерлерін үнемі жетілдіріп отырмаса, ешбір компания бәсекеге қабілетті бола алмайды, – дейді Ричард Эванс. – Адам капиталы – бизнестің табысын анықтайтын капиталдың нақ өзі. Сол себепті «Жас өркен» тағылымдама бағдарламасы болашақ үшін маңызды. Бізге адамдарға инвестиция салуды үйрену керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Оларды бірте-бірте дамытып, даму құралдарын жаңартып отыруымыз керек. Бұл ұзақмерзімді процесс. Оқу үшін орта құру керек, бизнестің қалай жұмыс істейтінін түсіндіруіміз керек. 28 жастан төмен қызметкерлер үшін компанияда жұмыс істеу жалпы даму кезеңі болмақ. 28-ден 35 жасқа дейінгі мамандар арасында болашақ талантты менеджерлердің қатарын толықтыратындар анықталады және олардың қызметтік сатыларда көтерілуі күшейе түспек. Жұмыс берушілер кәсіби мамандарды іздегенде, оларға «Жас өркен» бағдарламасынан өткен әлеуеті жоғары, өз саласы бойынша үздік мамандар келетін болады».
Ал «Жас өркен» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан жастар не дейді?
Ақжүніс Арыстанбек: «Мен бағдарлама туралы Facebook арқылы білдім. Байқау жарияланғанда Қытайда университет бітіріп жатқанмын. Қайда жұмысқа тұрамын деген уайымым да бар еді. «Жас өркен» туралы білгенімде қатты қуандым. Іріктеу процесі қиын болды, 4 кезеңнен тұрды. Байқауға 700-ге жуық адам қатысты, тек 20 адамды таңдап алды. Стажировка басталғанға дейін «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде бір апта, мәскеулік кеңсе Deloitte-де бір апта оқыдық. Әрине, тағылымдама барысында қиындықтар кездесіп жатады. Бірақ, мойымау керек. Меніңше, табыстың 70 пайызы стажердің өзіне байланысты. Қазір мен «KTZ Express»-те стажировкадан өтіп жатырмын. Маған олардың қызықты жобалары ұнайды.
Ернат Әбеуов: Үміткерлерге, әсіресе, аймақтағы қыз-жігіттерге қорықпаңыздар, байқауға қатысыңыздар дер едім. Көбісі, қорға өте алмаймыз деп ойлайды. Шындығында, бәріңізге мүмкіншілік бар. 2017 жылдың стажерларының көбісі аймақтардан. Біз қарапайымбыз, бірақ жарқын болашаққа ұмтылған жасампаз жастармыз. Қорықпай құжаттарыңызды тапсырыңыздар. Қазір бірқатар үміткерлер бізді әлеуметтік желілер арқылы тауып алып, эссені қалай жазу керек, кейсқа қалай дайындалу керек деп сұрап жатады. Біздің кеңесіміз, әрбір кезеңге байсалды шындап дайындалыңыздар.
Айжан Какенова: Мен Назарбаев университетін бітірдім. Өтінім бердім де, байқаудың барлық кезеңінен өттім. Әрбір кезең біздің біліктілігіміздің сәйкестігін нысанаға алды. Сұхбаттар алды, тестілеуден өттік. Іріктеу әділ өтті. Комиссия тиімді жұмыс жасады. Үздіктер іріктелді, алайда, біздің әрқайсымыздың мүмкіндіктеріміз әртүрлі еді. Менің айтпағым, егер сіз әлеуеті жоғары, күш-қуаты мол жас адам болсаңыз, онда «Жас өркен» бағдарламасы - сіз үшін.
Сұлугүл Бакесова
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?