Бірінші кезектегі міндет

Жаңалықтар
06.04.2018, 15:15
Сексеуіл-Жезқазған жаңа телімі іске қосылғалы бері Сексеуіл 2 класты учаскелік станцияның  жауапкершілігі  артып, жылжымалы құрамдарды реттеп жөнелту жұмыстары көбейіп, талдау станциясы секілді жұмыс жасауда.   Сексеуілдік  теміржолшылар өткен жылдың 845 вагоннан жүк түсіру межесін 1871 вагонға жеткізіп, вагондардан 113998 тонна жүк түсірген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 320 вагонға артық. Ал жүк тиеу жұмысына жоспар бекітілмегенмен, өткен жылы 24 вагонға 1166 тонна жүк тиеген сексеуілдік теміржолшылар ағымдағы жылдың алғашқы айында 2 вагонға 70 тонна жүк тиесе, 162 вагоннан 9962 тонна жүк түсірген. Статистикалық жүктеме, вагон паркінің пайдалануы жоспарлары да орындалған. Станция жолдарында 366 488 жүк вагонының құжаттары рәсімделуге беріліпті. Олардың арасында 5674 вагон 725 локомотивпен берілсе, ұзын құрамды 1320 пойыздан 8707 жүк вагоны ағытылып, 7293 вагон 1388 пойызға тіркелген екен. Барлығы 3180 пойыз құрастырылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 77505 вагонға артық деген сөз. Бөлімшенің солтүстік шегіндегі учаскелік станция теміржолшыларының жұмысы    Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімімен өткізілетін пойыздардың станцияда аялдап, реттелуімен бұрынғыдан да  артып отыр.   -Станцияға келіп-кеткен жүк вагондарын үздіксіз қабылдап, ағытып қайта құрастыру, тексеру, құжаттарын ресімдеп, уақытылы жөнелту сынды жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Әрине, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етілуі – бірінші кезектегі міндет, – дейді Сексеуіл станциясы бастығының орынбасары Әбдіуәли Жапақов.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Сексеуіл станциясы

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады