Есепке жүйріктің  есесі  түгел

Жаңалықтар
06.04.2018, 15:43
Семей темір жолында бұқаралық спорттың бірқатар түрлерінен көктемгі біріншілік болып өтті. Сайыс тақталы ойын түрлері бойынша «интеллектуалдар ойыны» болып саналатын шахматтан басталды.  Бұл байқауға іріктелген он үміткер қатысып өзара шеберлік сынасқан болатын. Ойшылдар ойынында бақ сынасқан кіл мықты бір-біріне есе бермей ұзақ арбасты. Олардың ойынын бақылаған жанкүйерлердің  шыдамдарын тауысып,  сағаттарға созылған сайыс нәтижесінде бас жүлдені магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің инженері Ғалымбек Тортаев жеңіп алды. Ал екінші орынды бұрынннан мықты шахматшы ретінде танымал бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов иеленсе, үшінші орынды бөлімше директорының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов қанағат тұтты.   Ал командалық ойын бойынша  жүк тасымалы бөлімшесінің шахматшыларына қарсылас шақ келген жоқ. Жеңімпаздар ақтық финалда 4:1 есебімен басым түсіп, есепке жүйріктің есесі түгел болатынын дәлелдеді. Сол тәрізді ерлер арасында ұйымдастырылған үстел теннисі ойыны да көктемгі біріншіліктің шымылдығын ашты. Бұл сайысқа бөлімше бойынша 21 үміткер қатысып бақ сынасты. Теміржолшылардың психологиялық жеңілдену бөлмесінде өткен бұл сайыс та мейлінше тартысты әрі қызықты өрбіді. Қатысушылар жас айырмашылықтары бойынша үш топқа бөлініп сынға түсті. Спорттың жалпы бұқаралық түрі болмаса да теміржорлшылар арасында тенниске қызығатындар көп екені таң қалдырмай қоймады және онымен тұрақты түрде айналысатындар да бар болып шықты. Сайыста, әрине, солардың бағы жанды. Қорытынды есеп бойынша сайыс жүлдегері атанғандар қатарында ПЧ-40 мекемесінен Ілияс Несіпқамит, ШЧ-29-дан Рүстем Мұхаметжанов, ЖТ бөлімшесінен Ертарғын Ермековтер әдемі ойын үлгісін көрсетіп, таңдай қақтырды. Сонымен қатар, ойын барысында ерекше белсенділік танытып көзге түскен, жүлделі екенші орын алған спортшылар ТЧЭ-24 мекемесінен Жомарт Құрманбаев пен ПЧ-40-тан келген Ысқақ Көзбаевты атауға болады. Спорттың ек түрі бойынша да жеңімпаздар жүлдесіз қалмады, кәсіподақтың  демеушілігімен бәрі де арнайы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды. Көктемгі біріншілік мұнымен толастамақ емес. Алдағы уақытта кілең қыздардан тұратын командалар арасында әйелдер футболы ұйымдастырылмақ.

Қуаныш Қожаев, Семей

 
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады