Ана көрген тон пішер

Жаңалықтар
06.04.2018, 15:46
Оқуға 2 мин
Кейіпкеріміз – қонажай да көрікті келіншек Гүлмира Расылханқызы, былайша айтқанда «Жолсеріктер әулетінен» шыққан. Ол қалай дейсіз бе, әкесі Расылхан Жәнібеков пен анасы Сейсекүл Өтеулиева саналы ғұмырларын осы мамандыққа арнаған ерлі-зайыпты жолсеріктер болған екен. Өкінішке орай, Расылхан әке бұл дүниеден ертерек озыпты. Ал, Сейсекүл ана осы мамандықтың майталманы атанып, құрметті зейнет жасына шығып, ақжаулықты әже атанып отырған жайы бар. Өзінің айтуынша, Гүлмираның осы жолды таңдауына анасының ықпалы зор болған. Шойынжол көлігінің ресторан-вагонында жолсерік-асханашы болып еңбек ететін ол жолда жүруді сүйікті ісі санайды. Бір қызығы, Гүлмира өзінің анасы талай жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан вагонда қызмет жасауда. Анасы зейнетке шыққан он екі жылдан бері вагонда еңбек етіп келеді. Демек, он бір жылдық еңбек жолында вагон ауыстырмай, өз ісінің қыр-сырына әбден қаныққан білікті маманға айналған десек, қателеспейміз. – Анам зейнетке шыққан жылы осы вагонға жұмысқа орналастым. Бұл тек керемет сәйкестік. Анамның  абыройлы еңбек жолын жалғастыруға барымды салып жүрмін. Жолаушылардың көңіл-күйі жақсы болу үшін сапалы қызмет көрсетуге тырысамын. Бала кезден жолда жүріп, еліміздің кең даласын аралағанды жанымдай жақсы көретінмін, бүгінде сол бала күнгі арманымның орындалғанын әр сапарда сезінемін, – дейді Гүлмира. Гүлмира Расылханқызы мақтаулы жолсерік қана емес, үш бала тәрбиелеп отырған мейірімді де аяулы ана. Үлкен ұлы қаржы саласында еңбек етіп жүрсе, кіші ұлы мен қызы – мектеп оқушылары.

Ерман Әбдиев, Тараз

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?