Өткел кезекшісі
Жаңалықтар
16.04.2018, 19:31
Өткелдер мәселесі – бүгінгі таңда «күйіп» тұрған өткір мәселе. Теміржол мен автожол қиысатын нүктеде, өкінішке орай қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен жыл сайын қаншама апат орын алуда. Себеп – адам факторы. Яғни, апаттың дені адамдардың жауапсыздығы салдарынан болатыны жасырын емес.
Ал осы өткелдерде, ары-бері өткен құрамдарды қарсы алып, шығарып салып, өтпедегі қозғалысты реттеп тұратын кезекшілердің жұмысының салмағы қаншалықты ауыр екенін көпшілігіміз түсіне бермейміз. Тәулік бойы «елдің шетінде, желдің өтінде» тұрып, қызмет ететін өткел кезекшісінің міндеті – қос көлік жолы тоғысқан қиылыста қозғалыс қауіпсіздігінің сақтауын қамтамасыз ету.
Шымкент секілді үлкен қаланың іргесіндегі Бадам сынды ел тығыз орналасқан көлемді елді мекендегі өткел кезекшісі Гүлмира Махаева жұмыстың тіпті де оңай емесін айтады. Өткелден пойыз өтетін сәтте жеңіл көліктер тығыны толып қалады екен. Көлік жүргізушілері де әр түрлі, кейбірі шлагбаумға да қарамайды, кезекшінің «тоқта!» дегеніне де құлақ аспайтын көрінеді.
– Пойыз кеткен соң шлагбаумның көтерілгенін күтпей, бағдаршамға қарамай өте шығатындар жүйкеге тиіп әбден шаршатты. Заңды бұзған көліктің нөмірін жазып алып журналға тіркеп, диспетчерге хабарлаймын, басқа не келеді қолымыздан.
Бір пойыз өткен соң арасы ұзаса жақсы ғой, шлагбаум жабылар-жабылмас екінші дабыл естіледі. Жолды тағы жауып, жүргізушілермен жағаласуға тура келеді. Солардың өмірі өздерінен гөрі маған керектей, шыдамай сигнал беріп, айғайлап ұрысып, кейбірі көзді ала бере шлагбаумның көтерілгенін күтпестен өте шығатындармен алысып қатты шаршаймын, – деген өткел кезекшісінің айтуынша,
жұмыстың қиыны түнде басталатын көрінеді. Өйткені, тойдан шыққан, ішіп алғандар «жағасы жайлауда» ережені жиі бұзады екен. Адам мен көліктің «тәртібін» қадағалау аздай, күндіз жол арасындағы көкке жайылған ірі қара мен ұсақ жандықты да айдап отыру керек. Қысқасы, жан-жақты қарбалас. Оның үстіне әр бес минут, ұзағанда жарты сағат сайын естілетін дабыл даусының өзі жүйкеге әсер етпей қоймайтыны тағы рас.
Бадамда жүк көбейіп, қозғалыс жылдан жылға артып келеді. Маневр тепловозы таңертеңнен кешке дейін әрі-бері жүріп пойыздарды құрастырумен болады. Қиыны сол, маневр болған соң, оған өтпе мен жолдың айырмасы жоқ, тура ортада тоқтап біраз аялдаған соң қайта кері шегініп, ары-бері қозғалыста болады. Осындай сәттің бәрінде кезекші көлік ағынын қатты бақылайды. Кешкі алтыдан кейін Астана – Сарыағаш, Маңғышлақ – Алматы, Шымкент – Сарыағаш, Түркістан – Шымкент жолаушылар пойызы Бадамға тоқтайтын болғандықтан, әр пойыздың келіп-кеткеніне дейінгі 20 минут, тіпті жарты сағаттай өтпе жабық тұрады.
– Жолдасым Досыбай Өмірбаев екеуміз жол дистанциясында бірге жұмыс істеп жүріп таныстық. Басында екеуміз де жолшы болдық, ол кейін бригадир, шебер міндетін атқарды. 13 жыл отасқан соң, 43 жасында бақилық болды. Бүгінде жасым 56-да. Өтпеге келгенім бар, осы жылдардағы еңбек өтіліме 28 жыл толыпты. Қазір қызды ұзатып, келін түсіріп, қол ұзарды.Енді кіші ұлым мен қызымды аяқтандырып, уақытылы зейнетке шығуды армандаймын, – дейді Гүлмира Шәминқызы.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл