Үнемдеу саясатына үлес

Жаңалықтар
20.04.2018, 14:55
Астана станциясының ұжымы үшін биылғы жыл ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен басталып отыр. «Станция бастығының жылы» аясында қолға алынып отырған жұмыстар да баршылық екен. Басты мақсатымыз – көрсеткіштерді өткен жылға қарағанда жақсарту. «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшысының бұйрығымен дизельді отын үнемі бойынша жұмыстар жандандырылуда. Оны жүзеге асыру нәтижесінде айына 23 млн теңге табыс келтіріп отырмыз. Нәтижесінде жылдың соңында үлкен көлемде үнемге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Әр вагонды сағат сайын қадағалауда ұстаймыз. Жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушылармен тығыз жұмыс жасаудамыз, осы жылдың өзінде олармен 3 отырыс өткіздік, 100-ден астам хат жібердік. Осындай сүзгі қойғанның арқасында бүгінгі табысымыз айтарлықтай артып отыр, – дейді станция бастығы Ертас Бейісбеков. Бірінші тоқсанды компанияның үнемдеу саясатына үлес қосу арқылы бастаған ұжым басшысының айтуынша, пойыздар тартымына отын-энергетикалық ресурстар шығынын азайту және экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін станцияда биыл 9 ақпаннан бастап 7 локомотивтің ішінен №2084 маневр локомотивінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылып, бұл ақпан айы бойынша 3 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге әкелді. Сонымен қатар станциядағы тәуліктік жұмыс пен технологиялық үдерісті қадағалай отыра және технологиялық, өндірістік үдерісті бұзбай мынадай шешімдер қабылданған: алдымен №0301(ТЭ33А) маневрлік локомотив жұмысын 21 наурыздан бастап түнде тоқтатып, оны күндіз жүйелі пайдалану арқылы наурыз айындағы 10 күн ішінде 2 млн-ға жуық теңге үнемделген. Сондай-ақ №0297 маневр локомотиві жұмысын түнде 6 сәуірден бастап тоқтатып, оны күндіз тиімді пайдаланудың арқасында 24 күн ішінде шамамен 6 млн теңгеден астам үнем жасалған. Қорытындысында қаңтар айында 7 маневр локомотивін қолдануға 44 млн теңгеден астам шығын кеткен. Аталған маневр локомотивтерін рационалды қолданудың нәтижесінде сәуір айында бір локомотив жұмысын түнде тоқтату және екеуін күндіз пайдалану арқасында үнем сомасы 11 206 600 теңге болып, жалпы осы айдағы үнем 28 718 100 теңгені құрады. Осылайша, Астана станциясы маневр локомотивтерін тиімді пайдаланудың арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Станцияның биылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерінде оларға бір жүк операциясы аясында вагондардың кідіруі жоспарда 92,1 пайыз деп көрсетілсе, оны станция 125,4 пайыз көрсеткішпен артығымен орындаған. Сол сияқты жергілікті вагондар кідіруі деген көрсеткіште берілген жоспар 93,1 пайыз деп көрсетілсе, ол да 122,5 пайызға көп орындалып отыр. Сонымен қатар, үнемдеуге станция жолдарында жүк пойыздарының тұру уақытының азаюы, АСУ ДКР жүйесі арқасында жұмыстың жетілдірілуі де оң ықпал еткен. Жалпы үш ай ішінде 25 пойыз станцияда кідіртіліп, олардың станцияда аялдау уақыты 64,4 сағатты құраған. Бұл да бұрынғы тоқсандар көрсеткішінен аз. Бұл жүйемен жұмыс істейтін Астана станциясы тауарлық кеңсесінің бастығы Кристина Друковская бұрынғыдай жүк жөнелтушілердің станцияға келіп, кезекке тұрып, қағаз толтыратын рәсімдері тоқтап, оны өздері интернет-қосымшалар арқылы кез келген жерде жасай алатын мүмкіндікке ие болғаны да станция жұмысының алға басуына сеп болып отырғанын айтады. – Ерекше бақылауға контейнерлік пойыздар құрамдарындағы халықтық тұтыну тауарлары, бағалы жүктер алынады. Станция әскери күзет қызметімен бірлесе жүктерді сақтау бойынша тәуліктік жұмысты қамтамасыз етеді. «Несохранка» деген көрсеткіш бар, оны мүлдем нөлге түсірдік, бұл дегеніміз, жүктің ұрлануы, жетіспеуі секілді кемшіліктер жоқ деген сөз. Ақаулар саны біршама төмендеді. Өткен жылға қарағанда екі есе азайды, былтыр 33 вагонды құраса, биыл 12 ғана вагон. Сонымен қатар қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін Екібастұз, Қарағанды станцияларына барып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді станция бастығы.

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл