Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен...
Жаңалықтар
20.04.2018, 15:25
Ежелгі Тараз қаласы, көне Жібек жолының бойында жатқан Жамбыл өңірінде тарихи мұраға айналған жәдігерлер өте көп. «Айша бибі», «Қарахан», «Тектұрмас әулие» және «Ақыртас» кесенелерінің қай-қайсысы болсын аймақты туристер үшін танымал ететін нысандар.
Осы тарихи кешендерді тамашалауға келетін туристердің дені болат жол қызметін пайдаланатыны тағы белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша қолға алынған шаралар қатарында өңірдегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштің бірі Ақыртас құрылыс кешеніне назар аударылып отыр.
Осы бастама қолға алынғалы «Теміржолшылар уақытында, яғни ғасырлық жоба «Түркісіб» теміржол құрылысына Ақыртас кешенінің тастарын пайдаланды. Енді соны қайтаратын уақыт жетті...» деген қауесеттің тарағаны рас. Осы мәселені зерделеу барысында өткен ғасырдың басындағы, яғни «Түркісіб» теміржол құрылысы кезіндегі бірқатар тарихи құжаттарға үңілген едік. Ол құжаттарда ғасыр құрылысы жұмысын жүргізу үшін қолда бар барлық құрылыс материалдарын пайдалану қажеттігі жазылады. Атап айтқанда, Луговой, Ақыртөбе, Ақшолақ станциялары маңында жүрген құрылыс жұмыстарына осы маңдағы карьерлердің материалдарын пайдаланған. Социалистік дәуірдің тасы өрге домалап тұрған ол кезде тарихи құндылықтарымыз бен көне жәдігерлерімізге назар аударған ешкім болмады. Енді, сол ғасыр құрылысына Ақыртас тарихи кешені маңынан пайдаланған тастар анықталатын болса, ол тастар жәдігер ретінде тарихи кешен аумағына кері қайтарылуы мүмкін.
– Жамбыл өңірінде туризм кластерінің дамыту мақсатында қолға алынған бұл жоба теміржолшыларға да үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Жұмыс еселенгенімен, мұның бізге берер пайдасы мол. Талай ғасырлар бойы көптеген елді байланыстырып жатқан «Жібек жолы» қайта жаңғырды десек те болады. Өйткені, «Түркісіб» ғасыр құрылысы негізінен осы «Жібек жолының» бойында салынды. Ата-бабаларымыз арман еткен бұл жол бүгінде Қазақстанды алыс-жақын шет елдермен байланыстырып отыр. Теміржол транзиттік көлік дәлізіне айналды. Экономикалық көрсеткішіміз артты. Ел әлеуеті көтерілді. Ұлттық компания жыл сайын даму жоспарына сәйкес Жібек жолы бойымен әлемнің барлық елімен байланысып отыр. Жүк тасымал көлемі артып, транзиттің әлеуеті тасыған осындай кезеңде Жамбыл өңіріне келетін туристердің де саны артатыны анық. Болат жолдың қызметін пайдаланатын туристерге де жоғары деңгейде қызмет көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Жамбыл облысы еліміздегі тарихи ескерткіштер көп орналасқан аймақ, - дейді Берік Сағымбекұлы.
Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аймақтағы көне жәдігер – Ақыртас тарихи кешенінде болып, сапар барысында аймақта туризмді дамыту мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ үшжақты Меморандумға қол қойылған болатын.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл