Өндіріс қауіпсіздігі сақталуы шарт

Жаңалықтар
20.04.2018, 15:32
Қызылорда бөлімшесі техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Тілеубаев ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында аймақ теміржолшылары өндірістік жарақатсыз жұмыс істегенін және екі айлық акцияны талап деңгейінде өткізгенін жеткізді. Бөлімшеде «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық саясат бойынша вице-президенті И.Костыряның  21.02.2018 жылғы телеграфтық нұсқамасы негізінде «Еңбек қауіпсіздігі бойынша айрықша жұмыс тәртібі» тақырыбымен және «Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту» тақырыбында Бас инженер Б.Котыревтың  17.02.2018 жылғы телеграфтық пәрмені бойынша айлықтар өткізілген. Бөлімше директорының бұйрығымен комиссиялық жұмысшы тобы құрылып, оның төрағасы Аманкелді Арысбаевтың басшылығымен жауапты мамандар мен барлық станция басшыларынан құралған топ теміржол нысандары және теміржолшылардың жұмыс жағдайын тексеруден өткізген. – Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 1 теміржолшыға өндірістік жарақаты үшін ай сайын 51400 теңге төленуде. 1615 теміржолшының денсаулыққа зиянды және қауіпті саналатын орындарда жұмыс жасағаны үшін айлық табысына 8-12 пайыз көлемінде өтемақы, 153 адамға сүт берілсе, ал 583 теміржолшыға еңбек демалысына 6-12 күн қосылды, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің жетекші инженері Ғалия Көпжасарова. Комиссия тобының мүшелері бекеттер мен станцияларды өндірістік жұмыс атқару барысында жеке және ұжымдық қауіпсіздік шараларын арттыру, электр желілері маңында теміржолшының қауіпсіздік талаптарын сақтауы, пойыз құрастырушының жұмысын үйлестіруі, вагон қараушының еңбек қорғау нұсқамасы талаптарын орындау деңгейін анықтау мақсатында 19 рет тексеру ұйымдастырып, бекеттерде жиналыс өткізіпті. – Теміржолшының санитарлық-тұрмыстық жайын жақсарту шараларын арттыру, техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарын жақсарту жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 53 рет тосын тексеру жасалып, анықталған кемшіліктердің орындалу мерзімі белгіленіп, жауапты мамандар бекітілді. Акция кезінде теміржолшылардың еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік талаптарын орындауына баса назар аударылып, олардың күнделікті орындауы қажет өндірістік-техникалық жұмыс талабын үстеме пысықтаулар жүргізілді, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Серікұлы. Сонымен қатар, жұмысшылардың технологиялық және еңбек тәртібін орындауы қадағаланып, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін білу деңгейі, технологиялық инструкцияны игеру дәрежесін білуі, теміржолшылардың ұжымдық жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуі бақыланып, теміржолшылардың күнделікті және ауысымаралық дәрігерлік тексеруден өткізілуі де назардан тыс қалмаған. Акция кезінде станциялар мен бекеттерде өткізілген тексерулер нәтижесінде 58 кемшілік анықталып, актіленген. Мысалы, ғимараттардың тұрмыстық жағдайына байланысты 10 кемшілік көзге ілінсе, киім ілгіш  шкафтарының жетіспеуі де 10 жерде актіленген, 6 рет ауа желдеткішінің болмауы тіркелген, 11 шағын бекетте күнделікті және арнайы жұмыс киімдерін кептіретін орынның жоқ екені анықталған. – Жалпы алғанда акция кезінде теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын  жақсарту үшін бөлімше бойынша 87 стол, 325 орындық, 167 кондиционер, 123 қысқа толқынды пеш, 135 электр шәйнегі, 64 тоңазытқыш керек екені анықталып, құжатталды, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Серікұлы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл