Өнер-білім бар жұрттар...
Жаңалықтар
24.04.2018, 15:45
ҚТЖ саласында өндіріске тиімді жаңалық ұсынған теміржолшылар еңбегін жоғары бағалау дәстүрі қалыптасқан. Әрине, бұл жерде талаптың қатаң екені белгілі. Ең бастысы, салада кәдеге жарайтын тың жаңалықтан түсетін экономикалық тиімділік құны 200 млн теңгеден асуы қажет. Сонда өнертапқыштың еңбегі 5 миллион теңгеге дейін бағалануы мүмкін.
«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобы бойынша, жұмысшылар тарапынан түсетін рационализаторлық ұсыныстардың белсенділігі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдыңғы қатардан көрінуде. Ұлттық компанияның филиалдары мен еншілес кәсіпорындарында, теміржолшылардың жаңашылдығын дәлелдеуі мен оларға сыйақы төлеудің бірнеше сатысы түзілген. Бұл дегеніңіз, тасымал үдерісін жетілдіру мақсатында, әріптестер арасында озық тәжірибелер насихатталуда.
Айталық, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша былтырғы 2017 жылдағы рационализаторлық қызмет көрсеткіштерін байыптар болсақ, өнертапқыштар қатары 1326 адамды құрап, 1167 оңтайлы ұсыныс енгізіліп, тіркелген 1307 еңбектің 3,5%-ы экономикалық пайдасын байқатқан. Өнертапқыштардың 11 пайызы – 30 жасқа дейінгі жастар.
«ҚТЖ» компаниясының Бас инженері Батыр Котырев, іс жүзінде тиімділік 448,938 млн теңгені межелегенін айтады. «Өткен жылғы «Көлік саласындағы инновациялар – болашаққа жасалған қадам» тақырыбындағы V рационализаторлар конференциясына Украина темір жолының өкілдері келіп қатысыпты. Онда локомотивтер мен жүк вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, тасымал үдерісін жетілдіру, жол шаруашылығында еңбек өнімділігін көтеру мен қол еңбегін азайту тұрғысында үздік шешімдер ұсынған теміржолшылар қатары мол болған. Электрмен жабдықтау, автоматика мен телемеханика құрылғыларының сенімділігін арттыру, еңбек ету жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету сынды мәселелер де қамтылған. 35 қызметкерге «Үздік рационализатор» төсбелгісі табысталыпты.
Бас инженер, жаңашыл ұсыныстар байқауының шарты бойынша бірінші орынға 200 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге және үшінші орынға 100 мың теңге берілгенін жеткізді. Конференцияда, тағы 5 автордың еңбегі аталымдардан тыс бағаланып, әрқайсына 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы тапсырылған.
«Жобаның үлкен сомаға лайықтығын сарапшылар бір жыл бойы жан-жақты тексереді. Бұған дейін қомақты сыйақы алғандарға келсек, Астана станциясында үш адамнан құралған рационализаторлар тобы 1,5 млн теңгені еншілеп, 2012 жылы Бас есептеу орталығы жүк жөнелтушілерге вагондарды назарда ұстауға жол ашатын жобасы үшін 3,5 млн теңгеге қол жеткізді. Қазіргі кезде, жылдың аяғына дейін тиімділігі айқындалса, алғаш рет ең жоғарғы дәреже, яғни 5 миллион теңге алуы мүмкін рацұсыныс салмақталып жатыр. Қысқасы, технология қанша қарыштап дамығанмен, мінсіздікте шек жоқ», – деп түйіндеді Батыр Қуанышұлы.
Бүгінде елімізде цифрландыру бағытын өзекті десек, ҚТЖ оған да бірінші бетбұрыс жасаған. Бұған дейін қағаз жүзінде қабылданып келген рацұсыныстар қазір «АСУ НТИ» автоматтандырылған жүйесі аясында қаралады.
Айтпақшы, ҚТЖ бас инженерінің өзі компанияның инновациялық дамуына елеулі еңбек сіңірген. Оның жаңашыл қызметіне қуат көздерін үнемдеуге байланысты «Жасыл станциясындағы электрлік орталықтандыру бекетіндегі жылыту және желдету жүйелеріне қажет жылу-сорғы қондырғысы», «Радиоарналар ауқымында пойыз қозғалысын арақашықтықтан реттеу жүйесі (СИРДПС)» жобалары арқау болған. Бизнесті жаңғырту бағдарламасы шеңберінде техникалық күтім мен жөндеудің жаңа үлгісіне демеушілік танытып, транзиттік тасымалды өсіру мақсатында жолдың тар тұстарын кеңейту жоспарын жасауға тікелей атсалысқан. Бұл жаңашылдықтар экономикалық тиімділігін баяғыда дәлелдеген, бүгінде өндірісте кеңінен қолданыста.
Алдаберген КЕМПІРБАЙ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл