Кемшілік те, жетістік те бар
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:19
ЖТ-Жамбыл бөлімшесі бойынша көктемгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша жиын өтіп, оған Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінің басшылары қатысты.
Алқалы жиынды Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов ашып, бірінші болып Жамбыл учаскесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі департаменті бас бақылаушының орынбасары Нұрлан Шалғынбаев хабарлама жасады. Ол алдымен көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша төртінші санаттағы станция қызметкерлерінің жолаушылар пойызын қабылдап-өткізу бойынша қозғалыс қауіпсіздігін ескеруде станция бойынша 2 ТРА нұсқаулығының 2,12 бөлімінің талаптарын ескере бермейтінідігін сын тезіне алды.
– Сондай-ақ екінші санаттағы станция басшылары станция қызметкерлерімен профилактикалық шараларды жоғары деңгейде жүргізе алмай отыр. Осындай олқылықтар станция басшыларының техникалық сабақтарды да дұрыс ұйымдастыра алмауынан деп білемін. Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушылармен локомотив бригадаларымен де профилактикалық жұмыстардың кемшін екендігін анықтадық. Ал вагон шаруашылығы бойынша техникалық қызмет көрсету бекеттерінің жұмыс процесінде техногендік қателіктер анықталды. Сонымен қатар жол және жол құрылымы шаруашылығы бойынша Шу, Жамбыл, Түлкібас жол дистанциялары басшылары және Жамбыл магистарльдық желі бөлімшесімен орта буын басшыларының ПУ-28,29,30 кітаптары тексеріле бермейтіндігі белгілі болды. Көктемгі комиссиялық байқау қорытындысымен белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша Бел, Луговой станцияларында екі тосқауыл қою шарасы жүргізіліп, үш қызметкер қайта аттестациядан өтуге жіберілді. Бір қызметкерден түсініктеме алынды. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда төрт заң бұзушылыққа артық жол берілген, – деп мәлімдеме жасады Нұрлан Айтбекұлы.
Бұдан кейін сөз алған бөлімшенің Бас инженері Анатолий Ким 3-13 сәуір аралығында өткен көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша Тараз, Луговой, Маймақ, Боранды, Шайқорық, Аса, Жаңатас, Сары-Шаған, Бел станциялары мен Жамбыл локомотив пайдалану депосының басшылары тарапынан жіберілген кемшіліктер анықталғандығын алға тартты. «Бұл басшылар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басшылық тарапынан кемшіліктер жіберген. Нормативтік-техникалық құжат айналымдарында да олқылықтар кездескен. Техникалық оқулардың өз деңгейде жүргізілуіне де назар аудармаған. Жіберілген кемшіліктердің орнын толтыруда да олқылықтар қайталанып отырған. Жамбыл локомотив пайдалану депосы бойынша жанар-жағармайды үнемдеу шаралары басшылық тарапынан қадағаланбайды. Дегенмен, Жамбыл бөлімшесі бойынша кей салаларда ілгерілеу бар. Бөлімше қыстан аман-есен шығып, жазғы жұмыстарға толық дайын. Және көктемгі комиссиялық байқау барысында орын алған кемшіліктерді жою мерзімі белгіленіп, басшыларға тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстар бөлімше басшысы тарапынан қатаң бақылауда болады» - деді ол.
Ал Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Жұмағали Урсаров көктемгі комиссиялық байқауда НЖС бойынша 960 ескерту беріліп, 9 тосқауыл қою шаралары болғанын айтып өтті. Және комиссиялық байқау қорытындысымен 57 адам тәртіптік жазаға тартылғанын да тілге тиек етті. Жиында бірнеше олқылықтар жіберген Жамбыл электрмен жабдықтау, Шу жол, Шу белгі беру және байланыс дистанцияларының басшылары мен Луговой станциясының бастығы, Жамбыл локомотив пайдалану депосының өкілі кемшіліктерді жоюда қолға алған шараларын баяндады. Сондай-ақ, Жамбыл учаскесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі департаменті бас бақылаушысы Әлиасқар Байтамаев пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін еңсеруде жіберген кемшіліктер алдымен мекеме немесе кәсіпорын басшыларының жауапкершілігі екендігін айтып өтті.
Жиынды қорытындылаған бөлімше директоры аталған кемшіліктерді түзеу үшін әрбір мекеме басшысының алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығын және ол олқылықтарды реттеуде біліктіліктері мен білімдері сынға түсетінін ескертті.
Жиында тек кемшіліктер жіпке тізілмей, жетістіктер де сөз болды. Көктемгі комиссиялық байқауға үлкен жауапкершілікпен келген мекемелер мен жеке теміржолшылардың аты аталып, марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл