Өндірісте – «бес стандарт» жүйесі
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:23
Семей магистральдық желі бөлімшесі өндірістегі қауіпсіздік мәселесі бойынша жаңа жүйеге көшуде. Биылғы көктемде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Өндірістік қауіпсіздікті жүргізу жүйесінің стандарттары» хаттамасы аясында ілкімді шаралар қолға алынған болатын.
Еңбекті қорғау инженерлері арасында жалпақ тілмен «Бес стандарт» деп аталатын жаңашылдық қазіргі күннің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерген.
Өндіріс барысында қауіпсіз жұмыс жүргізудің бүге-шігесін толық қамтитын аталмыш жаңа стандарттар бойынша әуелгі кезекте түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл ретте бөлімшенің инженерлері Астана қаласындағы арнайы біліктілік шыңдау курстарында болып, тәжірибе жинап қайтқан еді.
– Алдымен теміржолшылардың мол шоғыры орналасқан Аягөз қаласында техикалық дәріс өткізіп, таныстыру рәсімін жасадық. Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық мекемелер өкілдері қатысқан жиында слайд бойынша кеңінен түсіндіру шарасы өткізілді. Өндірістік қауіпсіздікті жүргізу жүйесінің негізгі бес стандарты бар. Оның ішінде жаңадан енгізілген экологиялық қауіптіліктің негізгі аспектілері, мінез-құлық бойынша диалог жүргізу, төтенше жағдай кезіндегі сақтандыру сынды жаңа стандарттар жөнінде толық мағлұмат бердік. Мұның сыртында өндірістік апат және өрт қаупі туындаған сәттегі әрекет сынды жекелеген тараулар да дәріс барысында өтілді, – дейді НЖС-6 мекемесінің еңбекті қорғау бөлімінің аға инженері Жомарт Шапишев.
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйенің жұмыс жүргізудегі тиімділігі зор. Мәселен, әрбір теміржолшының кәсіби дағдысы ғана емес, мінез-құлқы да еңбекті қорғау инженерлері тарапынан ескерілетін болады. Сондай-ақ, өндіріс барысында жіберілген ақаулықты анықтау, зерттеу қорытындысында бұрындары жауапты адам жазаланса, ендігі аралықта кінәраттың шығу себебі нақтыланып, оның алдын алу шаралары алға қойылады.
Қазіргі күні Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері «бес стандарт» жүйесі бойынша жұмыс істеу тәсіліне толық көшті. Ал, оның нақты тиімділігі алдағы қорытынды көрсеткіштер барысында толық анықталатын болады.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл