Тағы бір алып жоба жүзеге аспақ
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:37
Ақтөбеде тағы бір алып жоба іске асырылғалы отыр. «KTZ-Express» АҚ өңірде көлік-логистикалық орталығын салуды жоспарлап, техникалық-экономикалық негіздемесі мақұлданып, бүгінде жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлейтін мекеме де анықталған.
Ақтөбе облысы – еліміздегі ірі индустриалды аймақтың бірі. Мұнда тау-кен саласы, ірі және орта өңдеу кәсіпорындары қарқынды дамып келеді. Халықаралық теміржол, әуе және автомобиль дәліздері халықаралық дәлізбен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Облыс арқылы трансконтинентальді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі өтіп жатыр. Тармақталған жол елдің оңтүстігі мен солтүстігіне, Ресейдің бірқатар өңіріне тура шығады. Қытайдан, Орталық Азия мен Еуропадан келетін тауар ағынын реттеуге де септігін тигізе алады. Бүгінде Ақтөбе өңірінде бірнеше көлік-логистикалық орталық жұмыс істейді. Дегенмен, транзит әлеуетін арттыру мақсатында тағы бір жаңа жоба қолға алынып отырған көрінеді.
Аталған орталық өнеркәсіптік және сауда ұйымдарына тасымалдау процесін ұтымды пайдалануға, жүкті кепілді түрде жеткізіп беруге, транзитті жүк ағынын өңдеуге, сонымен бірге тасымалды ұйымдастыру, клиенттің мекенжайы бойынша жүкті рәсімдеу, көлік-логистикалық қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жүктің салмағын анықтап, буып-түю, белгі соғу, сұрыптау, тиеу, консолидация, деконсолидация, сақтау, бекіту, сақтандыру, кедендік рәсімдеу, тағы басқа қызмет түрлері қарастырылған.
Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыру барысында «KTZ Express» АҚ жоспарлап отырған көлік-логистикалық орталығы Заманауи "А" класты, жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді құрамақ. Жүк айналымы жылына шамамен 1 млрд тоннаға жуықтайды. Мұнда көлік және логистика бойынша коммерциялық қызметтердің барлық түрі көрсетіледі, мысалы, кедендік рәсімдеу бір терезе қағидасы бойынша жүргізіледі деп күтілуде.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл