«Bilim Alemi/Education word»  халықаралық көрмесі – Шымкентте

Жаңалықтар
27.04.2018, 16:59
 Жақында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында өткен халықаралық «Bilim Alemi/Education word» көрмесіне Шымкент темір колледжі де қатысты. Көрмеге Мәскеудің «Теміржол көлігі саласындағы оқу-әдістемелік орталығы» мамандары келіп, соңғы шыққан теміржол саласындағы кітаптармен таныстырғаны жаңалық болды.  «ҚР теміржолшылары кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің  Шымкент ЖТ бөлімшесіндегі төрайымы Нағима Салықбаеваның мұрындық болуымен көрмеге аймақтағы кітапханашылар, Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ғылыми-техникалық ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі Ләззат Жарымбетова мен Арыс кітапханасынан Гүлбаһрам Шынтасова, Түркістан кітапханасынан Құрбанкүл Әубәкіровалар арнайы келіп қатысты.  – Біздің кітаптарда көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың барлық әдіс-тәсілдері егжей-тегжейлі жазылған. Шетелде өтетін көрмелерде кітаптарымыз жоғары бағаланып жүр. Қазіргі таңда жаңадан еніп жатқан логистикалық көлік саласын ұйымдастыру тәсілдері де қамтылған. Санкт-Петербург мемлекеттік жол қатынастары университетінің проректоры Т.Титованың зерттеуімен «Өндірістік қауіпсіздік» кітабы шығып, ол Халықаралық IV кітап байқауында сапасы мен мазмұны жағынан бірінші деңгейлі дипломға ие болды. «Орысша-қазақша-ағылшынша теміржол техникалық сөздігі» кітабының да маңызы жоғары. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бүгінде қолға алып жатқан бизнестің жоспарлау үдерісіне қатысты кітаптар да бізден табылады. Онда экономикалық тиімділікпен қатар, менеджмент, маркетинг тұрғысынан жұмыс істеуді ұйымдастырудың тәжірибелік жағы да қамтылған, – деді аталған орталықтың өкілі Александр Слепян. Орталықтың директоры Ольга Старых электронды сайттарында тек кітаптар ғана емес, шағын деректі фильмдердің де барын айтты. Әсіресе «алғашқы қыстаушылар» үшін онда барлық мәліметтер көрсетіліпті. Жақында «Теміржол жайлы жалпы курс» деп аталатын электронды оқулық шықпақ. Қонақтар әкелген кітаптар өткел кезекшісінен бастап, станция кезекшісіне,  жолшыға, жол шеберіне, жол бригадиріне арналған. Арасында  қауіпті жүктерді тасымалдау, еңбек қорғауды сақтау, теміржол құрылысындағы автоматтандыру мен механикаландыру салаларына арналған жеке кітаптар да бар. Шымкент көлік колледжінің аға оқытушысы Нұржан Бертаев халықаралық көрмеге қатысу арқылы оқу орнының танымалдығы арта түскенін айтады. Сәуірдің 28-іне колледж ғимаратында жылдағыдай «Ашық есік» күндері өтпек. Оған қаладағы 70-ке жуық мектеп оқушылары келіп, танысып, осында білім алудың жолдарымен таныспақ. Айтуынша, өткен жылы колледжді бітірген түлектердің  68 пайызы жұмыспен қамтылыпты. Жазда 23 баланы «Patentes TalgoS.L.» испан компаниясының технологиясымен жолаушылар вагонын шығаратын кәсіпорынның Алматы мен Астанадағы техникалық базасына жұмысқа орналастырған. Осы сәуірде олардың қатары тағы алты түлекке көбейген. Колледжге  2016 жылы 200 студент қабылданса,  2017 жылы 230 студентке жеткен. Биыл 300 студент қабылданатыны жоспарлануда.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл