Өткел кезекшісі – жауапты жұмыс

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:34
Соңғы кезде өткелдер мәселесі өте өзекті болып тұр. Теміржол тармақтары көбейіп, автокөліктер саны еселеп артып, қозғалыс жиілеген сайын теміржол мен автожолдар қиысында қауіп-қатер сейілер емес. Осыған орай, теміржолшылар үшін өткелдер қауіпсіздігі бірінші орынға шықты. Бұрын күзетілмейтін санатқа жататын өткелдерге күзет қойылып, бейнебақылаумен жабдықталып, қауіпсіздік талаптары жасалуда. Атырау жол дистанциясының 507-ші шақырымындағы өткел арқылы тәулігіне 19 жұп жүк пойызы және 12 жолаушылар пойызы өтеді. Жүк пойыздары Атырау мұнай өңдеу зауытында сұрыпталып, қайта Мақатқа жөнелтілсе, жолаушылар пойызы Атырау станциясына соқпай өтпейді. Міне, осы пойыздарды жоғарыдағы өткел кезекшісі Құлжаев Түгел станция кезекшісінің хабарламасымен және кей пойыздарды сигнал арқылы қабылдап, өткелден өткізіп тұрады. Геолог әкімдігіне қарайтын қала сыртындағы бұл өнеркәсіптік аймақта Теңдік станциясымен қоса бірнеше өндірістік базалар бар. Олардың кірме жолдарына өтетін пойыздар да жетерлік. «Өткел арқылы Тұлпар-Тальго жүрдек пойызы да өтеді. Ол пойыз келе жатқанда 1500 метрден бастап өткелді автокөліктер жүрмес үшін жауып тастаймыз. Ал жай пойыздар үшін 496-разъезден шыққаннан кейін өткел жабылады. Бұл қауіпсіздік үшін аса қажет шара» дейді өткел кезекшісі. Түгел Құлжаев ұзақ жылдар жол дистанциясында жол жөндеуші болып жұмыс жасаған. «Бүгінде ҚТЖ компаниясында теміржолшыларды денсаулығына қарай жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы арнайы бағдарлама бар. Мен де соған орай өмір бойы жол жөндеуші болғаныммен денсаулығыма байланысты әрі жасым ұлғайғасын осы өткелге кезекші болып ауыстым. Өткел кезекшісі болу – физикалық тұрғыда жол жөндеушіге қарағанда жеңіл жұмыс деуге болар, бірақ жауапты жұмыс. Зейнетке шыққанша жұмыс жасауға осылай мүмкіндік беріп, қамқорлық жасап отырған Компанияға рахмет, енді осы жерде құрметті еңбек демалысына шыққанша жұмыс жасайтын боламын» дейді ол.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады