Болашаққа – бес жыл

Жаңалықтар
18.05.2018, 11:45
«Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржолының бойында, көрші елмен екі арадағы Болашақ станциясы бес жылдық белесті артқа тастап отыр. 2013 жылы 11 мамырда Қазақстан мен Түркіменстан Президенттері  жаңа жолдың тұсауын кесіп, телімнен  алғашқы пойыз өткелі  – бес жыл.   Алғашында тек теміржол, шекарашылар, кеден қызметкерлері қоныстанған ел шетіндегі елдімекен өсе келе мектеп, балабақша салынып, ауыл әкімшілігі құрылып,  алғашқы жылдары халық саны 200-250-дей болса, қазіргі таңда 700-ге жуықтаған. Бұрынғыдай жан-жақтан қатынап, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын халық жоқ, қазіргі таңда барлығы Болашақ ауылына тұрақты түрде орналасқан. Кентте абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары әлі жалғасып келеді. Осының бәрі, әрине, ең алдмен теміржолдың арқасы.  – Жалпы 5 жылдан бергі көрсеткішке келетін болсақ, транзитті жүктер жылдан жылға аздап болса да артып келеді. Болашақ ашылғаннан бері 1145 пойызды тапсырып, 1306 пойызды қабылдап, жалпы жүк айналымын 3 799 464 тоннаға  жеткіздік. Станциямыз жаңа болған соң ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Біздің Болашақ станциясында  жұмыс жасап, Маңғыстау өңіріндегі басқа станцияларға және бөлімшеге жоғары лауазымдық қызметтерге өсіп кетіп жатқан мамандар көп, сондықтан  біздің станция өсу баспалдағы, трамплин болып тұр десек те болады, –  дейді станция бастығы.  2012 жылдың 11 сәуірінен бастап Болашақ станциясында бас инженер, ал   2016 жылдың 1 қарашасынан бастап осы станцияның бастығы қызметін атқарып келе жатқан азамат бұдан бұрын Бопай станциясы бастығы, Ақбөбек бекетінің кезекшісі, Маңғыстау станциясында жүкті қабылдап-тапсырушы, №15 бекет кезекшісі секілді қозғалыс саласының маңызды қызмет сатыларына өтіп сыналған екен. Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар ауданының тумасы  М.Тынышпаев атындағы көлік академиясының «Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру» факультетін үздік бітірген. Станцияның биылғы жоспары жыл басында бекітілген міндеттерге сай келеді. Келген-кеткен пойыздарға тез және сапалы қызмет көрсетеуді болашақтықтар әдбен меңгеріп алған. Өйткені, олардың бәрі ел экомномикасы үшін  маңызды транзит жүктер, экспорттық тауарлар екенін олар жақсы түсінеді.   – Болашақ станциясының  Қазақстанның транзиттік әлеуетін қазіргіден де арттырып, отандық өнімдердің жаңа нарыққа шығуына жол ашатын мүмкіндігі әлі де мол.  Болашақ-Серхетяка – Парсы шығанағы елдеріне шығатын трансұлттық теміржол дәлізінің Қазақстан, Түркіменстан және Иран елдерінің жүк ағындарының теңізге шығу жолы. Теміржол желісі арқылы негізінен астық, мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Жүк көлемін жылдан жылға біртіндеп арттыру жоспары  тұрақты түрде жүзеге асып келеді, – дейді станция бастығы.  

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл