Цифрлы теміржол: диджитализация дәуірі

Жаңалықтар
18.05.2018, 11:51
Ақтөбеде автоматтандырылған басқару және ақпараттық жүйелер қызметінің мәселелері бойынша семинар-кеңес болып өтті. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі АСУ бөлімінің жауапкершілігімен ұйымдастырылған шара екі күнге жалғасты.  Орталық аппаратпен қатар, ел аумағындағы бөлімшелерден жауапты мамандар қатысқан шараның ауқымы кең болды. Ақтөбе жүк тасымалы АСУ бөлімінің басшысы Алексей Куксоның хабарлауынша, кеңестің мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында теміржол саласындағы диджитализация процесі туралы сөз қозғау, жоспарлармен бөлісіп, проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру, т.б. «Жалпы, автоматтандыру жұмысы Ақтөбе өңірінде бұрыннан қолға алынып келеді. Оның үстіне, Ақтөбедегі есептеу орталығының программистері бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге жеткен, танымал ұжым.  Олар әзірлеген бағдарламалар болат жолдың бойында үлкен сұранысқа ие. Тіпті, ресейлік баламалардан қалыспайды», – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің басшысы Алексей Куксо. Екі күнге созылған семинар барысында цифрландыру аясында қолға алынып жатқан жұмыстар барысы таныстырылды. АСУ бағдарламалары слайд арқылы көрсетілді. «Бүгінде пойыздар қозғалысындағы дизельді отынды үнемдеуге жол беретін жүйелер қарастырылған. Келісімшарт-коммерциялық жұмыстарды автоматтандыру жақсы жолға қойылып келеді. Теміржол бойындағы қызметтердің ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз етеді», – дейді Алексей Куксо.  АСУ бөлімі басшысының айтуынша, цифрландыру алдымен клиенттердің игілігі үшін жасалып жатыр. Бүгінде жолаушылар тасымалы қызметінде де сандық жүйе сатылы түрде енгізіліп келеді. «Мәселен, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарында жүру құжаттарының 50-60 пайызы ғаламтор арқылы сатылады. Алдағы уақытта оны 90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Одан теміржол кассалары зардап шекпейді. Бастысы, клиентура үшін қолайлы болғанын қалаймыз», – дейді ол. Семинар-кеңес барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-дағы ақпараттық жүйелер жұмысы мен болашағы туралы тақырыптардан өзге транзитті декларация, кедендік заңнама, ақпараттық жүйелер арқылы шетел көлік құралдарын декларациялау, электронды маршрут, т.б. жайттар сөз болды.  Сондықтан тиімділігі мол болған семинар-кеңес жұмысы оған қатысушылардың бәрін қанағаттандырды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл