Берері мол бағдарлама

Жаңалықтар
18.05.2018, 11:55
Соңғы бес жылда «Мөлдір  бұлақ» бағдарламасы бойынша 432 станция мен разъезде 728 нысан қалпына келтірілген. Бұл жұмысқа 5 миллиардтан астам қаржы жұмсалыпты. Бағдарлама тағы 5 жылға ұзартылып отыр. Бастапқыда «Мөлдір бұлақ» бағдарламасында қарастырылған шараларды жүзеге асыруға 10,3 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты.  Алайда, темір жол пункттерін ірілендіру және басымдыққа ие жобаларды анықтау нәтижесінде, сондай-ақ, барлық жұмысты сырттан адам жалдамай, шаруашылық тәсілмен атқару нәтижесінде 5,8 млрд теңге игерілген. - Бұл қаржының 3,6 млрд теңгесі Ұлттық компания тарапынан бөлінген инвестиция, ал 1,5 млрд теңгесі қоғамның, қалған 719 млн теңге Магистральдық желі дирекциясының күрделі салымы болып отыр. Атап өтерлігі, 2015 жылдан бастап Бағдарламадағы барлық шаралар «Теміржолсу» АҚ мен Магистралдық дирекцияның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. 517 км-ден астам су өткізу желісі, 24,5 км кәріздендіру жүйелері жаңартылып, 50 су айдауыш мұнара, 69 су өткізуші-су сорғы станциясы, 19 кәріздендіру-сорғы станциясы, 79 шахталық және құбырлы құдық қалпына келтіріліп, 53 ұңғыма бұрғыланып, тазартылып, жабдық орнатылды. Мұнымен қоса, 70 темір жол пунктіне суды тазалап әрі залалсыздандыратын заманауи жабдықтар орнатылды, – деп атқарылған шаруалар легімен бөлісті қоғамның вице-президенті Ермек Искаков. Алматы-Шу темір жол телімінде салынған екінші жолдарды электрлендіруге байланысты Саз және Жайлау жабық станцияларындағы сумен жабдықтау нысандары да қайта құрылымдалып, оларға  «Тазасу» су тазартқыш құрылғысының орнатылыпты. Әрине, «Теміржол су» мекемесі тарапынан жүргізіліп жатқан шарапаты мол шаралар мұнымен шектелмек емес. Мәселен, 20 станцияда теміржолшылардың 387 тұрғын үйіне есептеу құрылғысын орната отырып, сумен жабдықтау желісі жүргізілсе, 12 шағын разъездегі үйлер соңғы үлгідегі жуыну, санузел, су жылыту құрылығыларымен жабдықталған. Жалпы бағдарлама жүзеге асқан жылдар ішінде 276 стратегиялық сумен және жылумен жабдықтаушы нысан бейнебақылау және дабыл қағатын құрылғымен жарақтандырылып, нысандар қоршалып, санитарлық қорғау аймақтары белгіленген. Десе де, бүгінде 210 станция мен разъезге су тасымалданып жүр.  Сол себепті, «Теміржолсу» АҚ мен Магистральдық желі дирекциясы бірлесе отырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жалғастыруды көздеп отыр. Ол 2018-2022 жылдар аралығын қамтымақ. Бұл бағдарлама шағын станциялар мен резъездердегі халықты сапалы сумен қамтамасыз етіп, су тасымалданатын темір жол пункттерінің санын қысқарта түспек. Бұл жұмыстарға 5866 млн теңге көлемінде қаржы да бөлініп қойған. Оның 1302,8 млн теңгесі «Теміржолсу» АҚ бюджетінен шығарылатын болса, қалған сома Магистральдық желі дирекциясы қазынасынан жұмсалмақ. «Суды тасуға кететін пайдалану шығындарын қысқарту мақсатында қазіргі кезде Шығыс Қазақстан өңіріндегі №41, №332 және Жалпақ разъездеріне сумен жабдықтау жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жылына 25 млн теңге шамасында қаржы үнемдеу мүмкіндігі тумақ» дейді «Теміржол су» өкілі. Оның айтуынша, қалпына келтірілген нысандар мен суды тасымалдауды қысқарту арқасында Магистральдық желі дирекциясы жылына 20 млн теңгені үнемдеуге қол жеткізіпті. Ал жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген белсенді жұмыстар нәтижесінде, шағын темір жол пункттерінде сумен жабдықтау нысандарын  салуға және қалпына келтіруге, мемлекеттік бюджеттен бүгінде шамамен 1,2 млрд теңге көлемінде инвестициялық қаражаттар тартылған.  Алдағы күн жоспарымен бөліскен Қоғамның өндіріс жөніндегі вице-президенті Ермек Қабышұлы, биылдан бастау алған бес жылдық бағдарлама шеңберінде 258 нысанды жөндеп және 241 станция мен разъезде ауқымды жұмыстар жүргізілетінін, бұл өз кезегінде, негізгі өндірістік активтердің тозуын 19%-ке дейін төмендететінін, сондай-ақ, су тасымалданатын станциялар қатарын 88 станцияға дейін қысқартатынын атап өтті.    

Сұлугул БАКЕСОВА

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды