Бурныйға келді

Жаңалықтар
09.08.2016, 12:29
Жамбыл бөлімшесін аралап жүрген «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызы 6 тамыз күні Бурный станциясына аялдады.  Медициналық пойыз осы жерде дүйсенбі кешке дейін болып, тұрғындарды қабылдамақ. Жексенбі күні станция басында тұрғын «Денсаулық» пойызының жұмысымен арнайы танысып едік. –  «Денсаулық» пойызы Жамбыл бөлімшесіне тамыздың бесі күні келіп кірді. Абаил станциясында бір тәулік тұрып, онда 150 тұрғынды қабылдадық. Оның 25-і балалар. Алдын ала ауыл тұрғындарына хабарландырулар берілген болатын. Сондықтан, өз денсаулығын тексертіп алғысы келгендер қарасы мол болды. Ал бүгін жұмысымызды таңертең сағат тоғызда бастадық. Қазір келіп жатқан ауыл тұрғындарының қатарын өзіңіз де көріп тұрсыз. Пойыз диагностикалық құрылғылармен толық жабдықталған. Және білікті дәрігерлерден жасақталған. Пойыздың әр станцияда тоқтап, үздіксіз жұмыс жасауына Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент және станция басшылары көп көмек көрсетіп отыр, – дейді «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызының аға дәрігері Сания Желдікбаева. «Денсаулық» пойызы дүйсенбі күні кешкілік Сұрым станциясына тоқтап, ары қарай Күркереу – Су станциясында аял жасайды. Түлкібас – Жамбыл теліміндегі жұмысы тамыздың оны күні аяқталып, Жамбыл – Жаңатас теліміндегі жұмысы 11 тамыз күні жалғасады. Мұнда пойыз Ақтаутас және Тамды станцияларына тоқтайды. Жалпы «Денсаулық» пойызының Жамбыл бөлімшесіндегі сапары 13 тамыз күні аяқталады.

Ерман Әбдиев, Бурный

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды