Қауіпсіздікті сақтаған қор болмас
Жаңалықтар
25.05.2018, 12:43
Теміржолда қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік бөлімінен алған деректерге сүйенсек, өткен 4 айда қауіпсіздік бойынша 315 сабақ өтіп, оған 10310 адам қатысқан.
Қауіпсіздіктің бір бөлігі вокзал, станцияларда теміржолдан өтуге қатысты екені анық. Соған сәйкес станцияларда әр үш сағат сайын дауыс зорайтқыш арқылы бөтен адамдардың станция жолында жүрмеуі және темір жолдан өту тәртібі туралы Ереже нұсқаулықтары айтылып тұрады. Атырау вокзалында қауіпсіздікке қатысты «Темір жол – аса қауіпті аймақ», «Адамдардың темір жолдарда жүру қауіптілігі» тақырыбында 7 бейнеролик әр қырық минут сайын қайталанып көрсетіліп отырады. Атырау көлік прокуратурасы ұсынған бейнероликтер де көрсетіледі. Тұрғындарға жаднамалар таратылады. 1, 2, 3 класты станция басшылары мен желілік ішкі істер және әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлерімен бірлесе станция аумағына рейд жүргізілген. Бұл шаралар келеңсіз оқиғалардың алдын алуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталып отыр. Мәселен, 2018 жылы 11 қаңтарда Сағыз станциясы учаскесіндегі №265 шақырымдағы разъезде Ж.Төремұрат деген азаматша жүріп бара жатқан пойызға жармасып мінем дегенінде, оң аяғынан зақым алған. Міне, қауіпсіздікті сақтамаудың ақыры осындай өкінішті жағдайға алып келеді.
Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша «Қызметкерлерге арналған жол», «Пойыз құрастырушы, есіңде болсын, сені үйіңдегілер күтіп отыр!», «Пойыздан сақтан!», «Азаматтар, өз өмірлеріңізді сақтаңыздар!», т.б. барлығы 418 ескерту аншлагы мен белгілер жаңартылған. Станцияға жақын тұратын тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қосұйым Мұқашев, Атырау облысы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл