Экологиялық айлық жүруде

Жаңалықтар
25.05.2018, 13:03
Ел шығысындағы теміржолшылар үшін көктемгі тазалық айлығы қызу жүріп жатыр. Осы орайда сала мамандары сенбіліктер шараларын өткізуге бағытталған экологиялық айлықты бастап кетті. Өткен сенбі күні барша қызметкерлер күш жұмылдырып, тағы да сенбілікке шықты. Айта кетерлігі сол, санитарлық жұмыстар тек теміржол мекемелері маңына ғана емес, қала ішімен өтетін желі бойында да жүргізілді. Теміржолшыларды сенбілік жұмыстарына бөлімше басшылары бастап шықты. Қызу кіріскен олар қала ішін көктей өтетін желі бойындағы қыстан қалған тұрмыстық қалдықтар мен қураған бұталарды бір күн ішінде толық тазартып шықты. Негізінен желінің қос қапталы – жеке тұрғын үй секторлары. Күл-қоқысты теміржол бойына әкеліп төгетін тұрғындарға тыйым болмай тұр. Шағын күлтөкпеге айналған қоқыс үйінділерін тазартуға аз күш жұмылдырылған жоқ. Атап айтсақ, ПЧ-39 мекемесіне қарасты қала орталығындағы теміржол көпірінен бастап, Қабанбай-2 жол өткеліне дейінгі аралықта Семей жол дистанциясының қызметкерлері жұмыс істеді. Бұл шаһар ішіндегі ең күрделі аумақ. Себебі, Шығыс өңірі бойынша ең ірі көтерме сауда базарлары осы маңайда орын тепкендіктен әрі жаяу жүргіншілер өткелдері көп болғандықтан ластану мөлшері жоғары. Сол себепті де, қалалық мәслихат депутаты, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен ерекше шара қолға алынды. Аталмыш мәселеге жергілікті муниципалды полиция өкілдерінен 60 адам тартылып, желі бойын күлтөкпеге айналдырған барлық жауапсыз тұрғындарға тегіс 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып шықты. Мәлім болғандай, олардың ешбірінде қоқыс шығаратын мекемелермен келісім-шарт болмаған. Ал, биылғы жылы сенбілік жұмыстары біршама оңтайластырылды. Себебі, санитарлық тазалық шараларына қажетті техника, жанармай қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі тарапынан бөлінген болатын. Сенбілік шаралары әсіресе көктемгі су тасқыны орын алған Аягөз қаласында да жоғары деңгейде өткізілді. Соңғы екі апта ішінде Аягөз және Семей шаһарында 400-ден аса теміржолшы жұмыс жасап, тазалық жүргізіп шықты. Бұл бағыттағы жұмыстар ендігі аралықта көгалдандыру, абаттандыру шараларымен жалғаспақ.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл