Армандар орындалатын қала
Жаңалықтар
25.05.2018, 13:13
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Тасымалды басқарудың автоматтандырылған орталығының (ТБАО) бағыттар бойынша бас диспетчері, теміржолшы әулетінің өкілі, түрлі спорттық шаралардың көп дәрежелі жүлдегері, әрі беріден соң өз ісінің шебері Нұркен Бегежанов 27 жасында компанияның стратегиялық маңызды бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейді.
Олай дейтініміз, орталық қызметкерлерінің нақты жұмысы мен бірлесе әрекет етуінен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тоқтаусыз жүруі байланысты болмақ. Нұркенді әріптестері талантты адам, қай жағынан да талантты деген бір-ақ ауыз сөзбен сипаттайды.
«Тасымалдау үдерісін ұйымдастыруға қатысу – жауапкершілігі мол күрделі жұмыс. Десе де, маған өз қызметім ұнайды. Ауысым он екі сағатқа созылады, осы уақыт ішінде мейлінше жинақы болуың керек» дейді біздің кейіпкеріміз. Жас маманға жұмыста көлік колледжі мен ҚазККА-да алған білімі, Қызылорда өңіріндегі Төретам станциясында жүк қабылдап-тапсырушы, жол бұрушы, станция кезекшісі болып атқарған тәжірибелері көп көмегін тигізуде.
– Төретам станциясы маған аса ыстық. Мен теміржолшылар отбасында туылып, темір жол жанында өстім десем болады. Мамандық таңдар шаққа жеткенімде, еш мәселе туындаған жоқ. Менің атам Әбдірахман Бегежанов Шиелі станциясының бастығы болды, әкем 20 жылдан астам уақыт Төретам станциясында басшылық етті, ал анам болса вокзал бастығы болатын, – дейді Нұркен.
2015 жылы жас маман Астанаға келіп, кәсіби қызметін жалғастырады. Ол Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығында ең жас бірінші дәрежелі пойыз диспетчерлері қатарынан болды. Ұжымда оны өз қызметін үлкен жауапкершілікпен және адал атқаратынына ғана емес, жоғары спорттық жетістіктері үшін де сыйлайтын. Нұркеннің қанжығасында бірнеше спорттық награда бар, бильярд бойынша жүлделі орындар, орталық аппарат қызметкерлері арасында өткен Спартакиада бағдарламасында шағын футбол жарысынан 2-орын алғаны үшін берілген грамота, т.б. Сонымен қатар соңғы үш жылда Нұркен Бегежанов үстел теннисі бойынша жарыста жүлделі орындарды иеленіп келсе, таяуда ол «Астана» темір жол торабы біріншілігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ чемпионы болды. Бұл жеңісін Нұркен бір жасқа толғалы отырған қызы Көзайымға арнап отыр.
– Спорттық жаттығуларға мен мектеп кезінен баратынмын. Спорт салауатты өмір салтын ұстануға, ойыңның сергек жүруіне көмектеседі. Қазір мен Назарбаев университетінде үстел теннисі бойынша Қазақстан лигасында жаттығып жүрмін. Спорт менің өмірімнің бір бөлігіне айналған, әріптестерім мен достарымның, жақын адамдарымның спортқа деген қызығушылығына қолдау білдіруге тырысып келемін, – деп сөзін түйіндей келе Нұркен, Астана – армандар орындалатын қала, жас қаламен бірге өсіп-өніп, дами бергісі келетінін айтады.
Асель ШАЙХЫНОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл