Бәйгеқұмның жолшылары
Жаңалықтар
09.08.2016, 12:35
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясының Бәйгеқұм бекетіндегі жолшыларын шілденің қырық градус ыстығында жол бойынан кездестірдік.
Телім бригадирі Қасымбек Ақылбекұлының басшылығымен бағыттамалық бұрманы талапқа сай баптау жұмысын жасап жатқан бір топ жолшылар аптап ыстықтан бет-ауыздарын тұмшалап, күнқағарларын түсіріп алған. Олар 18 бекет пен 20 бекет арасындағы жолдың техникалық бабында болуын күнделікті бақылап, күтім жасайды екен. Біздер станцияға келгенімізде кесте бойынша өткелі тұрған пойыз құрамы бекеттен өтісімен келесі құрам келгенше МПТ машинасымен дәнекерленген бағыттамалық бұрманы Жейсмар шарықтасымен жол жөндеушілер Айдархан Сапарымбетов пен Нұрбол Сәулебеков талапқа сай баптап жатты.
– Биылғы жаз маусымының қолайсыз ыстық болуына қарай таңертең және кешкі мезгілдерде ауысыммен жұмыс жасап, қалған уақытта жолды бақылауда ұстаймыз. Жолшыларымыздың дені көп жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі мамандар, біздің 14-околоткада қазір өтпе кезекшілерін қоса алғанда 20 адам жұмыс жасауда. Жолшылар ауа райының қолайсыздығынан қорғану заттары мен маусымдық киім-кешектерін уақытылы алып отыр. Жалпы біздер жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуын қадағалау басты міндетіміз болғандықтан ауа райының қолайсыздығына ешқашан бой алдырған емеспіз, біз үшін қырық градус ыстық немесе суық болсын, өз міндетімізді атқаруға тиіспіз, себебі қозғалыс тынымсыз, пойыздар қарап тұрмайды ғой, мұны жолшылар жақсы түсінеді, – дейді бекеттегі жолшылар бригадирі Қасымбек Ақылбекұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Бәйгеқұм
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда