Қызылсайда жұмыс қызған
Жаңалықтар
05.06.2018, 12:45
Шымкенттің шетіндегі Қызылсай станциясы қаладағы өндірістік және ауыл шаруашылық тауардың уақытылы келуі мен жөнелтілуін қамтамасыз етеді.
Шағын және орта кәсіптің дамуына үлес қосып жатқан қызылсайлықтар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жүк тиеуді – 137, түсіруді 145 пайызға көбейткен. Қызылсайдағы жүк тасымалын дөңгелетіп отырған – «Стандарт цемент» зауыты. Ай сайын мыңнан аса цемент тиелген вагон ел іші мен шет елге тасымалданады. Сонымен қатар жазда айына 25-26 вагонға тиелетін «Тассай» суы бар. Үшінші – тұрақты түрде айына 50-60 вагонға дейін кондитерлік тәтті тоқаштар, 40 вагондай макарон өнімі тиеледі.
Станциядан өткен жылдың 4 айында 4200 вагонға жүк тиелсе, биыл бұл көрсеткіш 5750 вагонды құраған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда жүк айналымы 1550 вагонға артқан. Сондай-ақ, өткен жылдың 4 айында 10148 вагон түсірілсе, биыл ол 14768-ге жетіп, көрсеткіш 4620 вагонға жоғарылап отыр.
Станцияның еңбек қорғау инженері Алтынай Пірмәтованың айтуынша, теміржолда жұмыс тәртібін сақтап еңбек ете білу де шеберлік. Өткен сәуір айында станция жұмысшылары арасында «Менің жұмыс күнім осылай өтеді» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылыпты. Байқау қорытындысы бойынша пойыз құрастырушы Т.Кенжеев жұмыс барысында техника қауіпсіздігін бұлжытпай сақтағаны үшін ерекше көзге түсіп марапатталған.
Сонымен қатар, 28 сәуір – дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және технологиялық тәртіптің нығаюына қосқан үлесі үшін станцияның аға жүк қабылдап-тапсырушысы А.Отарбаев ЖТ Шымкент филиалы директоры Е. Ермановтың Құрмет грамотасымен марапатталған.
Сонымен қатар, көктемгі байқау қортындысы бойынша және «Бүкіл әлемдік еңбек қорғау» күніне орай станциялар мен деполар арасында өткен байқауға қатысқан Қызылсай станциясы ІІ жүлделі орынға ие болған.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл