Сервис талапқа сай болу үшін...
Жаңалықтар
12.08.2016, 16:43
Жолаушы вагондарының қауіпсіздігі мен жайлылығына көп нәрсе байланысты. Ақаусыз, есік-терезесі айнадай жарқырған таза, ішкі интерьері мұнтаздай, жып-жинақы, ұядай ыңғайлы вагонмен сапар шеккен жолаушы өзін үйдегідей жайлы сезінері анық.
Жуырда біз «Вагон-сервис» АҚ-ның Батыс филиалына қарасты Атырау телімінде болып, қала сыртында жаңа орынға қоныс тепкен мекеменің қызметімен танысып қайтқан едік: жолаушы вагондарына көрсетілер сервистік қызмет деңгейі қандай?
Атырау телімінің бастығы Ерлан Дүйсембаевты жұмысшылармен таңертеңгілік лездеме үстінде «ұстадық». Кешкі келген жолаушылар пойызында орын алған кем-кетік, әйнегі шағылған, қол жуғышы істен шыққан деген сынды жеңіл-желпі ақаулар жіпке тізілгендей алдында жатыр, соларды қалпына келтіру, сонымен қатар күні бойғы істелетін жұмыстар, сапарға дайындалатын құрамдар әзірлігі тағысын тағы жұмыстар осы жерде талқыланып, әркім өзіне тиесілі міндетін бөліп алып жатыр...
Мұнда вагондарды жууға және қауіпсіздігін тексеруге, тиісінше жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 7 жолдар қарастырылыпты. Оның алтауында жолаушылар пойызы қабылданып, жуылады екен. Ал, соңғы жол жөндеуге тұрған вагондарға арналған.
Ерлан Дүйсембаевтан білгеніміздей, бұл жерде «ТО-1» тобының жұмысшылары вагондарға техникалық қызмет көрсетсе, «ТО-3» тобының жұмысшылары 6 ай сайын вагондарды жөндеуден өткізеді. Ал, «ТОР» тобының жұмысшылары болса, сапардан келген барлық вагондардың жұмысын тыңғылықты зерттеп, қажет болса дөңгелек ауыстыру, электр тоқтарын жөндеу, дөңгелектерді майлау, т.б. жұмыстарды атқарады. Одан әріректе көмір қоймасы орналасыпты. Ол жерде қыс мезгілінде вагондарды жылыту үшін жеткізілетін көмірдің түсіру орны арнайы техникаларымен бірге дайын тұр.
Өткен 6 айда жоспарды 98 пайызға орындадық. Вагон жуу кезінде бұрынғы орнымыз тарлық етіп келген болатын. Тіпті, пойыз құрамы сыймай кететін еді. Тар орында жұмысшыларымызға вагондарды ажырату да қиынға соғатын. Ал, пойыздарды жуу кезінде сондай тар жерде вагондарды бірінші жолдан екіншісіне ауыстыру кезіндегі қиындықтардың өзі бөлек әңгіме болатын. Бүгінде кең де ыңғайлы жаңа орында жұмысшы-қызметкерлеріміздің жаны кіріп қалды, – дейді филиал бастығының міндетін атқарушы.
ҚТЖ салып берген жаңа ғимарат заманауи жабдықтармен толық қамтылған, өте ыңғайлы, жұмысшылар үшін киініп-шешінетін, жуынатын душ, кептіретін орын секілді барлық жағдай қарастырылған. Жұмысшылар техникалық және еңбек қауіпсіздігі сабақтарын да заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған кабинетте өткізеді. Қызметкерлер жоспарлы түрде аттестациядан өтіп тұрады екен. Сондай-ақ, жұмысшы-қызметкерлердің жұмысқа қатынау мәселесі де жолға қойылған көрінеді. Филиал басшысының айтуынша, мекеменің арнайы бөлінген автобусы жұмысшыларды белгіленген маршрут бойынша жұмысқа әкеліп, әкетіп отырады.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
Атырау
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды