Қуат көзінің қауіпсіздігі сөз болды
Жаңалықтар
12.06.2018, 11:52
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастамасымен Шұбарқұдық станциясында қауіпсіздік және еңбек қорғау аясында «Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру» деген тақырыппен дәстүрлі семинар-кеңес болып өтті.
Қуат көзімен қамтамасыз етушілер басын қосқан аталған шара өндірістегі қауіпті жағдайларды, жарақатты болдырмау және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Жыл сайын осы мезгілде қолға алынып келе жатқан семинарда болашақта жасалатын жұмыстар да сөз болады.
Осы жолғы шараға барлық электрмен жабдықтау аудандарынан 25 адам қатысты. Бағдарлама бойынша түске дейін теориялық жұмыстар, түскі үзілістен кейін практикалық жаттығу өткізілді, сонымен қатар, қызметкерлердің шеберліктері пысықталды.
Алғашқы сөз кезегін алған шараны ұйымдастырушылардың бірі Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев шараның бағдарламасына тоқтап өтті. Оның пайымынша, қазіргі таңда жалпы электрификация және энергетика департаменті бойынша өндірістік жарақаттар саны азаймай тұр.
«Мысалы, 2016 жылы электрификация және энергетика саласы бойынша 7 оқиға болған, оның ішінде 1 адам өндірістік жарақаттан қаза болған. 2017 жылы 8 оқиға орын алған, абырой болғанда, адам өлімі болмаған, бірақ әртүрлі өндірістік жарақаттарға жол берілгені рас», – деді өз сөзінде дистанция басшысы.
Сөз кезегі мекеменің бас инженері Қуаныш Әленовке келгенде, ол Ақтөбе дистанциясы бойынша соңғы бес ай көлемінде қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысына тоқтап өтті.
«Осы жылдың бес айында да, өткен жылдың осы уақыт аралығында да дистанция бойынша өндірістегі жарақат алу дерегі тіркелмеді. Өндірістік-техникалық блок арнайы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі уақытылы тапсырыс жасап келеді. Зиянды өндіріс орнындағы қызметкерлерді емдік-профилактикалық өніммен қамтамасыз етіп келеді. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік жөніндегі нормативтік актілерге түзету енгізілмеді», – деді Қуаныш Әленов.
Өз кезегінде қонақтарды қабылдап отырған тарап – Шұбарқұдық электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы өздеріне қарасты учаскеде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Мәселен, 2017 жылы Темір телімінде, Шұбарқұдық пен Қандыағаш аралығында электр қуатын жеткізетін жаңа қондырғылар орнатылған. Сонымен бірге, Шилісай, Қарауылкелді мен Сағыз телімінде электр қондырғыларының алмастырылғаны айтылды.
Семинар-кеңеске қатысушылар Шұбарқұдық электрмен жабдықтау желілік ауданының жұмыс орындарын аралап шықты. Мұндағы электр қондырғыларының жағдайымен танысты. Сонымен бірге, оқу-жаттығу полигонында болған меймандар наряд беру, инструктаж, жұмыс орнын дайындау, рұқсат беру, жұмысты тындыру, наряд жабу секілді процестерді пысықтады.
Шара соңында теміржолшылар пікір алмасып, ұсыныстар айтты. Семинар-кеңесті қорытындылаған Сәкен Орынбаев тәжірибе мен ақпарат алмасуға арналған семинар сабақ әріптестер үшін тиімділігін береріне сенім білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады