Арыс – теміржолшылар қаласы

Жаңалықтар
12.06.2018, 12:17
Орта Азия қақпасы атанған тоғыз жолдың торабы Арыс станциясы 1904 жылы 5 жолмен ашылған станция екен. 114 жылдан бері жүк және жолаушы тасымалына үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан Арыс станциясының аты атақты теміржолшыларымен де мәшһүр болған.  Талай Еңбек Ері, құрметті теміржолшы шыққан Арыста теміржолшы кәсібі атадан балаға мирас болғалы да жүз жыл, бүгінде әулеттерімен теміржолшы атанған отбасылар жетерлік. Олардың қатарында, мысалы, Ақылбековтар, Найымбаевтар, Тоқсейітовтер, Дербісевтер, Рысбековтар әулеттерінің бүгінде төртінші, бесінші буыны теміржолда, кешегі ата кәсіпке адалдық танытып жүр. Жалпы, арыстықтар үшін теміржолшы – мәртебелі мамандық. Өз еңбек жолында талай белеске шығып, ұжымның құрметіне бөленген жандар аз емес. Арыс станциясын кезінде бүкіл одаққа танытқан Социалистік Еңбек Ерлері Әуесхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбеков аталарымыз болса, кейінгі буыннан Құрметті теміржолшы атанған станция кезекшілері Ж.Кұлтасов, Т.Назарбаев, дөңес кезекшісі Қ.Маханбетов, вагон жылдамдығын реттеушілер Қ.Қосалиев, П.Жолдасов, станция бастығы Бөгенбай Тоқсейітовтер  еселі  еңбектерінің нәтижесінде станция жұмысын алға бастырып, жұмыс көрсеткішін жақсартуға атсалысып келеді.  Бүгінде 300-ден аса адам еңбек ететін бір ғана станцияда  «теміржолым – өміржолым» дегенді ұран етіп еңбектеніп жатқан талай әулеттің өкілі бар. Солардың ішінде, мысалы,  осында 35 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Жайлау Рысбековті айрықша атар едік. Ағасы Дүйсен, әкесі Қайболда бастаған теміржолда қазір барлық бауырлары еңбек ететіндіктен, олардың теміржолдағы еңбек өтілі 250 жылдан асып кеткен.  Әріптесіміз Жайлау 1984 жылы осы Арыс станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі болып жұмысқа орналасқаннан бері жұмыстың қыр-сырын меңгеріп алған соң,  артындағы інілерін де осы салаға бейімдеп, талайын теміржолшы етіп шығарды.  1985 жылы пойыз құрастырушы, 1987 жылы станция кезекшісі, 1990 жылдан қазіргі таңға дейін станция диспетчері міндетін атқарып жүр. Жайлаудың әйелі Айман Рысбекова  болса станцияда тасымал құжатын өңдеуші оператор. Екі ұл, бір қыз өсіріп, олардың қызығын көріп, немере сүйіп отырған ашық та жарқын, өнегелі отбасы. Бауырларының бірі Тасқын – станция кезекшісі, Әли – дөңес кезекшісі, Талғат – пойыз құрастырушы. Әулетте аға сөзі заң. Інілері алдынан қия кесіп өткен емес. Теміржолдан өсіп- өніп отырған әулет  кез келген мәселені, мысалы, біреуінің баласы мектеп бітіріп мамандық таңдауы қажет болса, немесе бірінің ұлы үйленіп, қызы тұрмысқа шығатын ойы болса, тіпті  әулеттің бір мүшесі жұмысын ауыстырғысы келсе де  бәрі бас қосып, ақылдасып шешеді.  «Бауырларым мен келіндерімді шақырып, мәселені ортаға саламыз. Әрқайсысының пікірін сұраймыз.  «Келісіп пішілген  тонның келте болмайтыны» белгілі. Шүкір, одан жаман болған жоқпыз, екі сылтау, бір желеумен басымыз қосылып арқа-жарқа болып қаламыз», – дейді Жайлау.  Отыз жыл бір саланың «жілігін шаққан» тәжірибелі маман 2000 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталса,  теміржолдың 100 жылдығы мерейтойында атаулы сағат алыпты. Тәжірибелі маман теміржолшының  ауыр да мазасыз еңбегі тіпті де оңай емесін айтады Үлкен бір әулеттің ағасы, биыл 56 жасқа шыққан кейіпкеріміз «Әркімнің туған жері  – Мысыр шаһары демекші, мен үшін жер бетінде Арысыма жететін жер жоқ» деп туған жерін мақтан тұтатынын жасырмайды.  

Базаркүл ТАСМҰРАТОВА, Арыс станциясы

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады