Түбек теміржолында елер арасында волейболдан өткен жарыс алдағы чемпионатқа дайындық, іріктеу сынды болды. Сайыс Маңғыстау жүк тасымалы және магистарльдық желі бөлімшелеріне қарасты мекемелердің теміржолшыларынан құралған 5 команда арасында өтті. Тартысқа толы болған ойын қорытындысында I орынды магистральдық желі бөлімшесінің валейболшылары иемденді. II орынды жүк тасымалы бөлімшесінің екінші командасы, қола жүлдені белгі беру және байланыс дистанциясының ойыншылары алды. Жеңімпаздарды магистральдық желі бөлімшесі директоры Мұқтар Бақтыгереев пен "Нұр Отан" партиясының Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы "Маңғыстау темір жолы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дүйсәлиев құттықтап, кубок, дипломдар табыстады. Сондай-ақ ұялы телефон, әмиян, қырыну құрылғылары сынды керек-жарақтан сыйлық жасапты.   – Осы айдың 15-25 аралығында Павлодарда волейболдан чемпионат болады. Қазір соған маңғыстаулық теміржолшылардың құрама командасы дайындалуда. Бұл сайыс соған пысықтау ретінде жігіттерімізді біраз шыңдады, – дейді Маңғыстау теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Шахизат Сарина, Маңғыстау