Әйтеке би: кешеден - бүгінге

Жаңалықтар
15.06.2018, 16:58
Әйтеке би станциясының теміржол картасында пайда болғанына салыстырмалы түрде көп бола қойған жоқ. Он бес жыл бұрын тың өлкеде болат жол тартылып, алғашқы теміржол мекемесі пайда бола бастады. Алғашқы кадрлар тартылып, өңірде теміржол жұмысы жанданып,  жолаушылар мен жүк пойыздары қатынай бастады. Әйтекеліктерге  «Хромтау – Алтынсарин» теміржол тармағының ашылу салтанаты кеше ғана өткен секілді. Міне, содан бергі көзді ашып-жұмғанша 15 жыл өте шығып, бұл өлкеге теміржолшы кәсібі біржолата сіңісіпті.  Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Әйтеке би станциясының тынысы туралы газетімізде аз жазылмады. Жуырда тағы да жолымыз түсіп, станция жұмысымен танысып қайтқан едік.   Ислам Ешімұлы – Әйтеке би станциясының бастығы. 1962 жылы дүниеге келген теміржолшылар әулетінің өкілі, Құрметті теміржолшы. 1982 жылы Ақтөбедегі теміржол колледжін бітірген. Содан бері теміржолда әулет кәсібін жалғастырып келеді. «Теміржол енді тартылып жатқан кезде маман ретінде осында шақыртты. Бұрын Ақтөбеде, Жұрын станциясында еңбек еттім. Қандыағашта станция кезекшісі болдым. Қауіпсіздік ревизоры болдым. Әйтеке би станциясына келген соң  2006-2013 жылдар аралығында станция басшысы қызметін атқардым. Кейін бірнеше жыл үзілістен соң биыл қайта келдім, – дейді станция басшысы. Бүгінде станциядағы ахуал тұрақты. Тәулігіне 15-16 жүк пойызы өтеді. Жергілікті жүкке келетін болсақ, бұл өңірден негізінен текше тас тиеледі.  Әйтеке би маңында өндірілген құрылыс материалдары еліміздің өзге өңірлеріне вагондармен тоқтаусыз жөнелтіліп жатады. Текшетас жол құрылысына пайдаланылады. Оның ішінде теміржол салғанда да осы тасты төсейді. – Соңғы кезде Құлсары мен Қарабатанға тиеп жатырмыз. Текшетас өндіретін зауыт станциядан 25 км жерде орналасқан. Құрылыс материалдары Ресей бағытына да тиеледі, қысқасы транзиттік жүктен бөлек жергілікті жүк тиелімі де жоспарға сай жүріп жатыр, – деп ақпар берді станция басшысы. Бүгінде станция кезешілері, пойыз құрастырушылар, т.т. барлығы қарамағында 37 адам қызмет етеді екен. Ал жалпы торапта барлық теміржол мекемелерін қосқанда 438 теміржолшы жұмыс істейді. Әйтеке би ауданына көгілдір отын кеш тартылды. Жергілікті халық көмір тұтынып келеді. Сондықтан көмір маусымдық түсірілетін жүк болып саналады. Көмір  тасымалы кезінде станциялықтардың  жұмысы аса қарбалас болып, күндіз-түні бір тынбайды.  Жан-жақтағы жақын ауылдарға да осы станция арқылы тасымалданады. Станция басшысының айтуынша, Әлеуметтік тұрғыда анау айтқан күрделі мәселе жоқ. Биыл медициналық сақтандыру қайта жанданып жатыр. Жұмысшылар ұжымдық шартқа сай әлеуметтік игіліктерді пайдаланып келеді. Қызметкерлердің орташа жасы шамамен 30-35 жасты құрайтын ұжым тату, ауызбіршілікті екенін мақтаныш етеді. «Әйтеке биде теміржолшылар қауымы – үлкен күш. Кез келген мәселе бойынша жергілікті билік бізге сүйенеді. Олармен бірлесіп жұмыстар жасаймыз. Сенбіліктерге шығамыз. Абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Біраз уақыт бұрын теміржол вокзалы маңынан аллея аштық. Онда түрлі талдар отырғызып, Мұхамеджан Тынышпаевтың ескертіш-тақтасын орнатқан болатынбыз. Бүгінде  жергілікті тұрғындар аллеяға келіп, серуен құрып, тынығып отыратын бір орынға айналды », – дейді Ислам Ешімұлы. Биыл ұлттық компания бойынша теміржолшыларға үлестірілетін жолдама саны жылдағыдан әлденешеге артыпты, кезекті еңбек демалысын алған жұмысшылар емдеу-сауықтыру орындарына барып, денсаулықтарын шыңдауда екен. Жазғы каникулда  балаларға демалыс лагерлеріне жолдама қарастырылған. – Міне, елу жылда емес, он бес жылдың өзінде жаңарып, адам танымастай өзгерген өңір теміржолдың арқасында осылай дамып жатыр. Әйтеке би станциясы – тарихи жер. Мұнда тәуелсіздік теміржолы атанған «Хромтау-Алтынсарин» магистралінің ашылу салтанаты өтіп, оған Елбасының өзі қатысқанын қариялар немерелеріне ертегідей етіп айтып отырады осы күні, – дейді станция бастығы.

Асқар Ақтілеу, Әйтеке би станциясы

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты