Тастүйін дайын

Жаңалықтар
26.06.2018, 12:05
Астанадан шығып ел шығысын бетке алған №154 жолаушылар пойызы Семей теміржол вокзалына келіп тоқтағаны сол еді, медициналық бетперде киген желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері вагондардың бірін қоршап алды... Нұсқау берушілер арасында жүгіре басқан төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдері де бар. Дәл осы сәтте перронға келіп тоқтаған жедел жәрдем көліктерінен арнайы киімдер киген Семей  бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық инфекциялық емхана дәрігерлері, т.б құзырлы мекемелер мамандары түсіп, оқшауланған вагонға жеделдете басып кіріп жатты. Мұнда жолаушы әйел «тырысқақ» ауруына күдікті ретінде танылған болатын. Мамандар шағымданушыны қарап шығып, оны жылдам арада жедел жәрдем ауруханасына алып кетуді ұйғарды. «Сырқат» көлікке отырысымен, Ұлттық сараптама орталығының Семей қаласы бойынша филиалының дезинфектор қызметкерлері вагон ішіне еніп, залалсыздандыруға кірісті.   Ал, желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері вокзал аумағын толық қоршауға алды. Вокзал кезекшісі перрондағы жолаушыларды да дүрмек тудырмау үшін хабарландыру жасап, сақтандырды. Ал «сырқатты» тексеру, оқшаулау, вагон ішін залалсыздандыру – бар жоғы 15 минуттың ішінде сәтімен аяқталып, жолаушылар пойызы бағытымен жолға шықты. Аңдағандарыңыздай, бұл оқу-жаттығу сабағы болатын. Іс-шара аяқталысымен қатысушы тарап талқылау-сараптау мәжілісін өткізді. Жиынға вокзал мекемесінің өкілдері, желілік полиция, әскерилендірілген күзет, Семей станциясы қызметкерлері, т.б. теміржол саласының мамандары қатысты. Талқылау жиынын жүргізген Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Г.Кембаева шара барысындағы оң әрекеттер мен қателік деуге болмайтын, бірақ, кемшін тұстарға да тоқталды. Сондай-ақ, кеңес барысында өзге де қатысушылар сөз алды. – Мұндай оқу-жаттығу сырттай қарағанда, вокзал қызметкерлері мен дәрігерлердің ғана қатыстылығымен өткізілетін тәрізді көрінгенмен оған теміржолдағы барлық салалық қызмет өкілдері атсалысады. Әрқайсысының өзіндік жүктемесі, жауапты міндеттері бар. Дегенмен де, тосын жайт туындай қалса, теміржол мекемелері дер кезінде бірлесіп әрекет ете алатындықтарын толық дәлелдеді, – дейді аталмыш іс-шара ұйымдастырушыларының бірі Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Мәрзия Ақшалова. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Орта Азия елдері мен Ресейді жалғап жатқан Семей теміржол бекетінде кез келген мезгілде тосын жайт орын алуы бек мүмкін. Алайда, аталмыш оқу-жаттығу іс-шарасы көрсеткендей, теміржол бойындағы мамандар кез келген оқиғаға тас-түйін дайын.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл