Байланыс шеберханасы: жоқтан бар жасап
Жаңалықтар
26.06.2018, 12:11
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік шеберханасында жұмыс таңертеңгілік инструктаждан кейін қызу басталып кетеді. Бір шеті Анакөл мен Тартоғай, екінші шеті Жосалы-Түркістан станциялары арасындағы барлық байланыс құрылғыларын жөндеу осы жерде жүргізіледі.
Жөндеуге жіберілетін байланыс құрылғыларының бірі телімдерден әкелінсе, енді бірі дистанцияның қоймасынан алынып, шеберлердің қолына тапсырылады да жарамсызының орнына іске жарайтыны салынып, құрылғыны жұмыс жасайтын дәрежеге келтіреді. Себебі, ескінің орнына жаңасын ауыстыра салатындай мүмкіндік болмағандықтан, іске жарамдыны ұқсату қағидасы бұл шеберханада алғашқы орынға қойылған екен.
Шеберхананың аға электромеханигі Жасұлан Ерназаров шеберхана тынысы жайлы айта келіп 5 ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет ұсынды. Жөндеу шеберханасындағы жұмыс ауқымы контактілі және контактісіз құрылғыларды жөндейтін цех болып негізгі екі топқа жұмылдырылғанмен, мұнда АЖТ цехы, метрология, электрожетек, электромотор, жүргізушілер тобы, дәнекерлеушілер, токарлар тобы және де Понаб-КТСМ тобы болып жұмыс жасайтын шеберлер жинақтала келіп, негізгі алты өндірістік жұмыс тобына біріктіріліп, әр топ өз жұмыс орындарына іріктеліп, жұмыстарын атқарады екен.
Өндірістік шеберхананың жарық та кең негізгі жөндеу залында кілең электромеханиктер байланыс құрылғыларын техталапқа сай жұмыс жасайтын жағдайға келтіреді. Жөндеуші шеберлердің бірі ДСШ-13А құрылғыларын тексеруден өткізуде болса, екіншісі ТШ-65 құрылғысын кезекті сынға әзірліктен өткізеді, енді бірі құрылғыларды дәнекерлеу жұмысын жасаса, келесі бірі ТШ-65-тің тетіктерін бекітіп, қысқасы, әр шебер өзінің күнделікті жұмысын тынымсыз атқаруда.
Аға электромеханиктің мәліметіне көз салсақ, шеберхана шеберлері бес ай ішінде 30 дана жетекті жұмысқа әзірлесе, мамыр айында 6 дана жетекті жөндеуден өткізіпті. Осы аралықта 3219 дана байланыс құрылғысы шеберлер қолынан өтсе, мамырда 558 данасы жөндеу көрген. Және де электромотордың мамыр айында 14 данасына күтім жасалып, бес айда 66 данасы шеберлердің қолынан өткен. Құрылғылар ретімен жөндеуден өткен соң дайын өнімдер бөлмесіне жөнелтіліп, ол жерден қажетті телімдерге жіберіледі екен. Әрине құрылғылар жөндеуден өткеннен кейін арнайы тексеруден өткізіліп, қайта бақылаудан өткізіліп барып іске жарамдылығы анықталады .
– Дистанцияның Екпінді-Шиелі телімінде прожекторлы бағдаршамның 8 данасы линзалық бағдаршамға алмастырылады деп жоспарлануда. Ал Анакөл мен Қызылорда станциялары арасында КПТШ құрылғылары Блок-ТМ құрылғысымен жаңаланып, алдағы күндерді осы жұмыстар Қызылорда-Шиелі телімінде де жалғастырылады деп күтілуде, – дейді аға электромеханик.
Шеберхана жөндеушілері дистанция телімдерінен өткізілетін жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға ақаулы құрылғыларды жөндеу арқылы үлес қосуда. Мұның өзі мұнда жұмыс жасайтын әрбір шебердің қолынан шыққан құрылғының аса бағалы екенін білдірсе керек. Жалпы, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға бағытталған әрбір құрылғы маңызды саналады.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл