Бәрі де жүлдеге лайық
Жаңалықтар
26.06.2018, 12:32
Семей ЖТ бөлімшесі қызметкерлерінің балалары түрлі деңгейдегі қоғамдық шаралардан шет қалмайды. Мәселен, биыл да бірқатар өрендер ұлттық компания бойынша ұйымдастырылатын «Балауса болашақ» атты сурет байқауына қатысып, жүлде алды.
Айта кетерлігі, биылғы республикалық байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналыпты. Тақырып аясында сынға түскен сурет туындылары арасында семейлік теміржолшылар балаларының да еңбектері мол екен. Мәселен, «Ынталандыру» аталымы бойынша 11 жастағы Арай Бағдатқызының «Астана – Отанымның жүрегі» атты майлы бояумен салған шығармасы, 6 жастағы Әмірәли Диасұлы мен 9 жастағы Іңкәр Дарханқызының елордаға арналған суреті үздік деп танылыпты. Ал, аталмыш байқау бойынша 7-10 жас аралығындағы балалар арасындағы сын бойынша Үміт Ержанқызы жүлделі орыннан табылып, сыйлыққа бағалы планшет иеленіпті. Астана төрінен жеткен осынау сыйлықты бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы балақайларға салтанатты түрде табыс етіп, қуантты.
Бұл суреттердің барлығында да бала қиялы, дүниетанымы, Астана шаһарының балалық шақтарындағы маңыздылығы айқын байқалады. Оның үстіне бірқатары осыған дейін де республикалық сайыстарда жеңістерге жетіп жүрген, тәп-тәуір қалам тартады деуге болады.
Десек те, байқауға қатысушыларының ішіндегі ең кішкентайы 5 жастағы Нұрали Кәрім бәрінен озды. Ол Астана тақырыбында салған суреті үшін «көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алыпты. Балабақшаға баратын талабы таудай балдырған ұлттық компания өткізген аталмыш байқаудың арнайы дипломымен марапатталып, естелікке өз жасына сай бағалы ойыншықтар алды.
Балаларға марапаттары мен тарту-таралғыларын табыс еткен бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев семейлік теміржолшылар балаларының бәрі де белсенді, бәрі де жүлдеге лайық екендігін атап өтіп, осы бағыттан таймау керектігін де құлаққағыс етті.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл