Міндеттеріне адал
Теміржол көлігінде тасымалдау үдерісін қамтамасыз етуші мекемелер үшін негізгі маңызды көрсеткіш қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы екені белгілі. Себебі жолаушылар үшін көлік қауіпсіздігі, ал жүк жөнелтушілер үшін жүктерінің барар жеріне бүтін және аман-есен жетуі маңызды.
Маңғыстау пайдалану вагон депосында да пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. Әрбір вагон қараушы өз міндетін жақсы білетіндіктен, қашанда қырағылықты сақтап жұмыс жасауға дағдыланған.
– Вагон қараушылардың өте-мөте көңіл бөлетіні, құрамдарға техникалық қызмет көрсету кезінде доңғалақ жұбындағы металдардың ақаулығына, арбашықтарының құйылмалы бөлшектеріне асқан ұқыптылықпен қарайды, – дейді депо басшысы Сәрсенбай Есенқұлов.
Жалпы, үстіміздегі жылдың өткен бес айында Маңғыстау пайдалану вагон депосы телімінен барлығы 672267 жүк вагоны, 66800 жолаушы вагоны жүріп өткен. Одан басқа жабық – 8604, жайдақ – 130, жартылай ашық – 10072, өзге де 7138 – барлығы 25944 жүк вагоны тиеуге, 3073 құйылуға берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдан жоғары, жүк ағымының көбеюіне байланысты жылдан-жылға өсуде.
Депо бастығы Ж.Тұрғанбаев, К.Орынбаев, Ы.Сатыбалдиев, Н.Сариев , Б.Битанов, Ж.Исанов, Б.Тыныштықов, И.Елеусінов, А.Есбосынов, Б.Дүйсембаев, С. Көбейсінов сынды вагон қараушылар пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты және вагонның ақауын тапқан қырағылықтары үшін марапатқа ұсынылып, бірақатары «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы тарапынан қозғалыс қауіпсіздігі бойынша төсбелгісіне ие болып, тағы бірқатарына бұйрық шығып, марапатын күтіп отырғанын жеткізді. Сәрсенбай Есенқұловтың айтуынша, бұлардың бәрі арты ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алуға септік еткен жұмысшылар екен.
Сонымен қатар, вагоншылар ұжымы өздері отырған ғимараттың күтімін де өздері жасап, қысы-жазы жұмысқа ыңғайлы етіп ұстауға тырысады, мұнтаздай таза аулада жазда сая болар талдар мен гүл өсіреді.
Шахизат Сарина
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды