«Теміржолшы донорлар» ұйымы
Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ерекше шара қолға алынды. Түрлі жағдайға тап болған теміржолшылар мен олардың жақындарына көмек көрсету мақсатында арнайы түрде қан тапсыру ісі жолға қойылды.
Аталмыш тың идеяның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы НЖС-6 бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишевтың айтуынша, ынта білдірушілер саны көп. Нәтижесінде ерікті түрде донор атанған теміржолшылар ең кемі үш айда бір реттен облыстық қан орталығына 450 грамнан қан тапсырады.
– Соңғы рет Аягөз қаласында тұратын әріптесіміз үшін қан тапсыруға жиналдық. Алдын ала жасалған құлақтандыруға үн қосып, ниет білдіргендер көп болды. Жалпы, бөлімшемізде қалыптасқан ерікті «Теміржолшы донорлар» ұйымы бұл шараға әрдайым сергек қарайды. Сондықтан болар, қан тапсыруға үзбей барып тұратын әріптестеріміздің қатары көп, – дейді бастамашыл топтың жетекшісі.
Негізінде Семей теміржолында қан тапсырып, қайырымдылық жасау шарасы бұрындары да болған. Тіпті, Семей магистральдық желі бөлімшесінде осы уақытқа дейін 40 реттен аса қан, 70 рет плазма өткізіп, 500 литрге жуық қан тапсырып, «Құрметті донор» төсбелгісін иеленген кең жүректі теміржолшы да еңбек етуде.
– Бұл шараны тек ілгеріде аға буын қалыптастырған игілікті үрдістің жалғастығы, қайта жаңғыруы деуге болады. Сондықтан да болар, дүниежүзілік донор күнінде, түрлі акцияларда белсенділік танытушы теміржолшылар көп, – дейді магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов.
Қазіргі күні бөлімше бойынша 3042 теміржолшы еңбек етуде. Оның 16 пайызын 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Жаңашыл бастамаға бірінші кезекте солар қолдау білдіріпті.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды